» » ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде өткен жиында Сыр имамдары қасиетті Құрбан айт мерекесіне дайындықтарын пысықтады.
     
       Өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмасымен таныстырып, мұсылмандардың ұлы мерекесі  Құрбан айт мейрамының облыс көлемінде жоғары деңгейде аталып өтуін, құрбан шалу рәсімінің шариғат талаптарына сай орындалуын жүктеді.
Осы орайда, ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» ЖШС-ның Қызылорда облысы бойынша жауапты өкілі П.Шарапатова мереке алдында облыстағы қасапханалардың талаптарға сай жабдықталуы мен қасапшылардың оқыту семинарынан өтуін қадағалауды ескертті.
Сонымен қатар «Мектепке жол», «Ел үлесі пәтерге» республикалық қайырымдылық акцияларына облыстық имамдардың үлес қосуы, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, көп балалы, жалғызбасты және қамқоршысынан айырылған аналарға барынша көмектесуді тапсырды.
13 тамыз 2019 ж. 12 0

PDF нұсқалар мұрағаты

34-311

22 тамыз 2019 ж.

33-310

15 тамыз 2019 ж.

32-309

08 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031