» » Жұлдыз-жорамал

Жұлдыз-жорамал

   Тоқты
     Аса ауыр жауапкершілік артудан аулақ болыңыз. Өзіңіз бен өзгелердің іс-әрекетіне баға беріп, өткен күнді ой елегінен өткізіңіз. Аптада маңызды оқиға орын алуы мүмкін. Барлық істе сабырлы қалыбыңызды сақтап, болған жайтқа бейімделіңіз. Бұл апта табиғаты шығармашылыққа бейім тоқтылар үшін табысты болғалы тұр. Ал қаржы мәселесінде ешқандай келеңсіздік болмайды.
Торпақ
     Қаржылық мәселе шешілсе, көптен бері ойда жүрген жұмыс орындалғалы тұр. Ең бастысы өзіңізге деген сенімді жоғалтпаңыз. Осы уақытқа дейін көп күш жұмсаған істі аяқтайсыз. Соның арқасында жақын жандар тарапынан қолдауға ие боласыз. Сенбі күні ескі достарыңызды кезіктіріп, көңілді кештің қонағына айналуыңыз бек мүмкін.
Егіз
    Табиғатыңыздан сабырлысыз. «Жеті рет өлшеп, бір рет кесу» нағыз сізге тән қасиет. Алайда бүгінгідей заманда «асықпаған арбамен қоянға жететініне» сенім аз. Сол үшін белсенділікті арттырған абзал. Аптаның екінші жартысында кейбір жандарға қатысты ойыңыз өзгеріп, жақыныңыздың өмірін жақсартуға үлес қосуыңыз мүмкін.
     Шаян
Жақындарыңызбен тату қарым-қатынас орнатуға сәтті апта болмақ. Қаржы мәселесі де шешімін тауып келеді. Сізге ешкім кедергі келтіре алмайды.
Соңғы уақытта бас қатырған мәселенің шешімін табуыңыз мүмкін. Күн сайын жақсы жаңалық естіп, жиі қуанатын боласыз.
Арыстан
     Жоспарыңызға қатысты маңызды шешім қабылдайтын уақыт жетті. Қолға алған жаңа жобаңыз нәтижелі болып, сізге ерекше қуаныш сыйлайды. Алайда өзгелерге сыр алдырмаңыз. Бұл аптада біршама қарыздан құтыласыз. Табыстың кілті еңбекте екенін ұмытпаңыз.
  Бикеш
      Басыңыздан өткен жағдайларды дұрыс бағамдай біліңіз. Қиялға берілмей, нақты іске көшкен жөн. Сонда ғана өміріңізді жаңа арнаға бұрып, жайлы өмірге қадам жасайсыз. Күтпеген кездесулер орын алады. Іскерлік қарым-қатынастағы шаруаңыз да оңтайланбақ. Аптаның жарқын тұстарын қызықты өткізсеңіз, көмескі тұстары сізге кері әсер етпейді.
Таразы
    Өз-өзіңізге сенімді болыңыз. Жұмыс барысында, отбасында аздаған түсініспеушілік орын алуы мүмкін. Бірақ сәл сабырлық танытсаңыз бәрі қайта қалпына келеді. Аптада біршама армандарыңыз орындалады. Өзіңізді бақытты сезініп жүресіз. Бұрын қолға алуға қаймыққан істерді қайта жандандырасыз.

     Сарышаян
Өте маңызды істе жолыңыз болғалы тұр. Ол үшін ұсақ-түйек тірлікті жиып қойып, тек сол іске ғана ден қойыңыз. Қаржылық мәселе де жылдам шешіледі. Кейбір сарышаяндарға жаңа міндет жүктелмек. Дегенмен алаңдауға негіз жоқ. Қабілетіңізді көрсететін орайлы уақыт туып тұр. Жаңа таныстық үшін де ыңғайлы апта.
Мерген
    Жаныңызға жақын жанмен алдағы күндерге жаңа жоспар құрасыз. Өз ойыңыздың дұрыс екеніне күмән жоқ, дегенмен өзгенің де пікірін тыңдай біліңіз. Осы тұста кедергіні жеңуге жәрдемдесетін адамдар пайда болады. Бастысы отбасыңызға көңіл бөлуді ұмытпаған абзал.
Тауешкі
    Ұсақ-түйекке бола жүйкеңізді жұқартпаңыз, қиындықтың барлығы аз уақыттың ішінде шешімін табады. Бұл аптада сәтті қадамдар жасалады. Таңғаларлық оқиға, күтпеген жағдайлар орын алуы мүмкін. Соның әсерінен көптеген адамға басқа көзқараспен қарай бастайсыз. Сіз үшін алда ой еңбегіне арқа сүйейтін күндер келе жатыр.
  Суқұйғыш
       Сіз үшін бұл позитивті апта болады. Бірақ келеңсіз сәттер де жоқ емес. Ұнжырғаңыз түспесін. Күтпеген қиындықты тез әрі оңай шешесіз. Бастысы өзіңіз дұрыс деп тапқан жолдан айнымаңыз. Көптеген адамға жақсы әсер қалдырып, олардың өміріне өзгеріс әкелуіңіз бек мүмкін.
 Балық
     Апта біршама қызықты идеяға толы болады. Оны тезірек жүзеге асыруға тырысыңыз. Ұсақ-түйек мәселе сізге түсетін мол табыстың есебінен шешіледі. Үлкен нәтижеге қол жеткізу үшін көп еңбектену қажет. Ал бұл апта іскерлік байланысты нығайтуға қолайлы.
16 тамыз 2019 ж. 273 0

PDF нұсқалар мұрағаты

34-311

22 тамыз 2019 ж.

33-310

15 тамыз 2019 ж.

32-309

08 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031