» » Қазақстанда 1 қаңтардан бастап не өзгереді?

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап не өзгереді?

  Қазақстанда зейнетақы төлеудің жаңа ережесі қолданысқа енгізіледі.
1 қаңтардан бастап жұмыс беруші әрбір қызметкері үшін жалақының 5 проценті көлемінде зейнетақы қорына қосымша төлем жасауға міндетті болады. Бұл 10 проценттік зейнетақы жарналарынан бөлек. Ақшаны жұмыс беруші өз қалтасынан төлеуі тиіс.  
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осылайша ай сайын қорға 35 миллиард теңге шамасында ақша түсіп отырады деп болжап отыр. Мұндай өзгерістер алдымыздағы жылдың бірінші қаңтарынан бастап күшіне енбек. Заң 2015 жылы қабылданды. Жүйені 2018 жылы енгізу жоспарланған, алайда ведомство жаңашылдықты келесі жылға қалдыруға шешім қабылдады, деп хабарлады Хабар 24.
"Ортақ зейнетақы республикалық бюджет есебінен өмір бойына төленеді, оны алуға 98 жылға дейінгі еңбек өтілі бар адамдар құқылы. 80-ші жылдан бері туған адамдарға ол берілмейді, өйткені 98 жылға дейінгі еңбек өтілі жоқ. Тиісінше, қазіргі модернизациялау тұжырымдамасына сәйкес, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өмір бойы төленетін төлемдерін қамтамасыз ету мақсатында оны қосымша шартты-жинақтаушы компоненттермен толықтыруға шешім қабылданды", - деп түсіндірді министрліктің департамент директоры Виктория Шегай.  
21 тамыз 2019 ж. 116 0

PDF нұсқалар мұрағаты

49-326

05 желтоқсан 2019 ж.

48-325

28 қараша 2019 ж.

47-324

21 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

07 желтоқсан 2019 ж.
Байқаңыз – улы газ!

Байқаңыз – улы газ!

20 қараша 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031