» » Желіні шулатқан «шымкенттік» жарнама

Желіні шулатқан «шымкенттік» жарнама

  Автокөлік жүргізушілеріне арналған Қазақстандық kolesa.kz сайтына ерекше жарнама жарияланды. Негізінен көбінесе орыс тілінде хабарландыру, жарнама берілетін сайтқа бұл жолы көлік иесі хабарландыруды қазақша жазыпты. Әзілге бұра отырып жазылған жарнамада автокөлікке айрықша мінездеме жасалған. Желі қолданушылар жиі талқылап, бір-біріне whatsapp арқылы жолдап жатқан жарнаманың мәтіні төмендегідей:
«БМВ сатылады! Түсі: черный жемчук. Объемы: 2.8.Типтроник. Жасы 21-де, яғни 1998 жылғы. Ұлты неміс – Ариец! Кезінде Германиядан Армениядағы ағайындарына қыдырып келгенде, иесінен қас пен көздің арасында айырылып қалып, жетім өсіп, одан Қазақстанға депортацияланған көлік. Содан бері өз қолымда. Тағдыр дегенде қызық-ау, бір замандарда Берлиннің түзу қара асфальтымен зулап жүрген көлік еді, бұл күндері Шым-қаланың тақтайдай (жонылмаған) ақ асфальтымен «айырып» жүр. «Жетім қозы тас бауыр», – демекші, аздап тентектеу еді, қазір жақсы. Алғашқы кездері орманға ұлыған қасқырдай арасында батысқа қарап жәутеңдеп тұратын! Қайтсін отанынан айырылу оңай ма – Германиясын сағынған түрі ғой. Содан мен де ерегескенде «до конца» баратыныма салып үйдің ауласына келгенде тұмсығын батыс бетке емес, шығысқа – Қошқар ата жаққа қарай бұрып қойып жүрдім.  Сөйтіп Германиясын ұмыттырып, нағыз қазақы көлікке айналдырдым. (Тілі жоқ әйтпесе дәл қазір руың кім десең Бағыспын деп тұратын еді.)  Жүрісіне әңгіме жоқ. Өкіріп алып басқанда, өкіртіп отырған өзің екенініңді сезініп мәз боласың. Нағыз еркектің көлігі. Моторының дауысы – жуан. Өзінен басқа көліктермен жарысқанда шаңына ілестірмейтін жел аяқ. Ходовка зың. Моторы тап таза. Бензин. Газ қойылмаған. Далада қалдырып көрген жоқ, Жолдастыққа жақсы, адал. Шынымды айтсам сатуға да қимаймын, тек «ит тірліктің» итшілік қардер-қажетшілігі бітпей, қаражаттың керек болып тұрғаны. Бастапқы бағасы 1 млн 600 деп отырмыз.» 27 тамыздан бері хабарландыруды 98 639 адам қарап, 147 комментарий жазып үлгерген.
29 тамыз 2019 ж. 2 175 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031