» » Ернар Айдардың тұңғышы дүниеге келді

Ернар Айдардың тұңғышы дүниеге келді

  Танымал шоу-бизнес өкілі, хит әнші Ернар Айдар алғаш рет әке атанды. Өнер иесінің жұбайы қыз баланы өмірге әкелген.
Бұл жайында әншінің қарындасы Жазира Айдар Instagram парақшасында жазып, көпшіліктен сүйінші сұрады.
"Бүгін біздің отбасымыз үшін ерекше қуанышты күн! Жүрегім, қамқоршым, егізім, ағатайым Ернар Айдар әке атанды.
Тағы да әпке болдым. "Жалғыз қыз" деп Алла сіңлілерімді көбейтіп жатыр. Қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаспын. Аллаға шүкір", - деп жазды әншінің қарындасы.
Ал хитменнің отбасындағы қуанышты естіген көпшілік жарыса ақ тілегін жолдаған.
"Құтты болсын", "Бауы берік болсын", "Сіңлің құтты болсын", "Сәбидің өмір-жасы ұзақ болсын" деп жазды желі қолданушылары.
Естеріңізге сала кетейік, Ернар Айдар 2017 жылдың тамызында шаңырақ көтерді.
29 тамыз 2019 ж. 235 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031