» » Кәсіп көзі – кілем жуу

Кәсіп көзі – кілем жуу

   Жалағаш ауданында жыл басынан жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі 83,2 пайыздан 89,1 пайызға артқан. Өз бизнесін дамытып, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде несие алған кәсіпкерлер қатарында Еркебұлан Көптілеуов те бар. Ол «Аладдин» атты кілем жуатын цех ашқан. Аталмыш кәсіпті бастау үшін «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы бойынша 4 миллион теңге несие алған.
    Қазіргі таңда кілем жуу кәсібі өрге домалап тұрған сәт. Себебі екінің бірі үйдегі кілемді жууға уақыт таппайды. "Мұнымен қоса үй жағдайында кілем жууға мүмкіндігі жоқ кей қызылордалықтар үшін бұл қалыпты жағдай. Техниканың дамыған тұсында бәрін де тапсырыс арқылы жасауға болады.
Еркебұлан басқаратын "Алладин" кілем жуу цехы күніне 15-20 кілемді жуады. Бағасы да тұрғындар көңілінен шығуда. Ол несиеге алған қаржысына кілем жуатын аппараттар алған. Сондай-ақ 2012 жылы кәсібін бастап, оны 2018 жылы үлкейткен. Бүгінде арнайы цехта 3 адамды тұрақты жұмыспен қамтуда. Кілем жуу аппарат арқылы жүргізілгенімен ондағы қызметкерлерге жүктелер жауапкершілік те жоғары екеніне барған кезде көзіміз жетті. Себебі қызметкерлер алдымен кілемді қолмен жуып содан кейін барып аппараттарға салатын көрінеді. Тапсырысқа әкелген кілемнің жуғаннан кейінгі түрін көрсеңіз, бір қылау таппайсыз.
    Жақында әпкем қаладағы кілем жуатын орталықтың біріне 4-5 кілемін жууға берді. Екі-үш күннен кейін кілемді жуып әкеліп беріпті. Әпкем ашулы, түрі қатулы. Мән-жайды сұрасақ, жуған кілемді ұнатпай қайтарып жіберген екен. "Қаншама ақшаға жуғыздым, кірі мүлде кетпепті" дейді жабырқаулы жүзбен. Иә, өзіңнің уақытың болмаған соң өзгеге күнің түседі. Оның үстіне қазіргі заманда қандай қызметті болса да ақысына істетуге болады. Біздің де соған етіміз үйреніп келе жатқан секілді.
– Бізге келген тапсырыс еш уақытта кері қайтқан емес. Әр тапсырысқа мұқият қараймыз. Егер ойдағыдай жуып бермесек, келесі жолы біздің орталыққа келмейтін болады. Ал біз істеген дүниеміз сапалы шыққанын қалаймыз. Бастапқыда кілемдерді үйде жуып бастадық. Тапсырыс көп түскен соң, мемлекеттен қаржы алып кәсіпті үлкейттік. Кілемді өзіміз алып кетіп, апарып береміз. Барлығын тексеріп, қабылдап алады. Тіпті тұрғындар ризашылығын білдіреді, – дейді Еркебұлан.
Мөлдір САБЫРЖАН
30 тамыз 2019 ж. 64 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30