» » Микробизнес-Қызылорда

Микробизнес-Қызылорда

   Кент орталығында ақпан айында ашылған моншаға бүгінде келушілер қатары көп. Заманауи құрылғылармен жабдықталып, бүгіннің талабына сай болғандықтан адамдардың үздіксіз келетіні түсінікті. Бизнес көзін жеке кәсіпкер Мейрамбек Бахторазов жүзеге асырды. Қатты ағаштарды арнайы тапсырыспен алдырдық. Іші ылғалданғанда тоқ соқпау үшін 36 кВт жарықты қауіпсіздік үшін орнаттық, – дейді кәсіпкер.
 Сырдария ауданы отбасылық дәмхана ашқан Серіккүл Есеналиева мемлекеттік бағдарламаның игілігін көріп отыр. Бизнес иесі «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы арқылы 5 млн.теңге қаражат алып, ісін бастады.
– Күніне 300 адамға қызмет көрсетеміз. Дәмханаға келушілерге дәмді тағам ұсынамыз. Халық біздің ас мәзірімізге қарап келеді. Футбол және спорттық ойындарды көруге келген қара саны көп, –дейді Серіккүл Есеналиева. Кәсіпкер 20 адамды жұмыспен қамтып отыр және болашақта 300 адамға арналған мейрамхана ашамын дейді.
Бұдан бөлек ауданда "Серікбол" деп аталатын сауда үйі халыққа қызмет көрсетеді. Жеке кәсіпкер Мадина Омарова 2018 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының субсидиялау бағыты аясында 22 млн. теңге несие алып, кәсібін жүргізуде. Мұнда сан түрлі тауар бар және бағасы  халыққа қолжетімді. Қызметі көңілге қонымды және керектің бәрін осы жақтан табамыз-дейді кент тұрғыны Назира Қалдарова. Жалпы Сырдария ауданында кәсіпкерлік нысандары көптеп ашылуда. Ауданда қазірге дейін 2200 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген.
                                                                                       Байтүгей СУАН
30 тамыз 2019 ж. 36 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30