Қақтығыс

   «Ата-бабаларымыз қашанда «қызға қырық үйден тыйым» дегенді берік ұстанған» деген сөзді бүгінде біреулер күле, енді біреу жүре тыңдайтын болды. Өткеннің өнегесіне зер салмаудың арты өкінішке соқтыратынын біле бермейтінміз жаман. Бұрынғылардың сөзіне сәл де болса құлақ түрсек қазіргідей еліктеу-солықтау болмас па еді... Сол еліктеудің зардабы шығар, соңғы кезде өзге ұлттың етегінен ұстаған қыздарымыз көбейіп келе жатыр.
Тарихтағы Троя соғысын еске алыңызшы. Елена ханшайым үшін басталған соғыс жайлы фильмде көрді. Бұл  оқиғадан бөлек әйелдер үшін соғыс аз болмады тарихи сахнада. Тарихтың бұл тәлімі бізге не үйретеді?
Тарихта қазақ пен қырғызда ғана "аттан" десе, әйелдер атқа қонған. Қазақ қыз-келіншектерін еркекпен тең санаған. Жаугершілік заманда еркекті жерге қарату үшін әйелін алып қашу жеткілікті болған. Өйткені сол елдің еркегін басынғанмен пара-пар.
Жақында ғана Атыраудағы Теңізде болған  қақтығыс есіңізде шығар? Суреттен басталған оқиғаның аяғы сүргінге ұласты. Бәріміз әлгі Ливия азаматын жерден алып, жерге салдық. Бірақ таяқтың екі ұшы бар демей ме? Бәрін сол арабтарға жаба салу да дұрыс емес. Мәселенің мән-жайын өзімізден іздесек болар еді. Барлығына топырақ шашпаймын бірақ қыздарымызды еркіне жіберіп алдық. Қазақпен салыстырғанда сан жағынан әлдеқайда аз шешендер өз қыздарын өзге ел азаматына күйеуге бермейді. Қызына   көз де, сөз де салдырмайды. Қыз бала тыңдамастан кетіп қалып жатса, ата-анасы одан бас тартып, шіріген жұмыртқаға теңейді.
Ал біз Қытаймен құда, Африкамен анда болғанымызға мәз болып жүрміз. Кейде  «осы біздің оң жақтағы қызы түгіл жесірін жатқа беруді қорлық санаған ұлттың ұрпағы екеніміз өтірік шығар» деген ойға қаласың. 
 Өзге ұлтқа тұрмысқа шығуға, я болмаса жігітеріміздің басқа елдің қызын алуына қарсымын! Ешкімнің көңіліне, жеке басына сөз келтіргім келмейді. Бұл менің жеке пікірім.  Осы Фейсбук әлеуметтік желісінде ЖәнібеБАЙк Иманмәзір атты қолданушы бар. Қазақ қызының жанынан түсі бөлек біреуді көре қалса, қызғыштай қорып жатады және оны әлеуметтік желіге салып таратады. Мақтан үшін емес, өзгелер үлгі алсын дейтін болар. Осы Жәнібек секілді жігіттер көбейе берсе, шіркін...
Қыздарымыз шетелге шығып кеткеннен кейін ғана байбалам салмай, кішкентай кезінен бастап санасына қазақы тәрбиені сіңіре беру керек.   Мұсылман деп түрікке, әзірбайжанға, өзге де ағайындарға кетіп жатқан қыздар бар. Бірақ, өз дәстүрің мен тілің бар. Бәрібір де олардың салты басқа. Өз ата салтыңды құрметтей алмай, өзге ұлттың әулетін көркейтемін деу бекер.  Бұл жерде қан тазалығы, тіл, дін, дәстүр  беріктігі жатыр. Дұрыс тәрбие көрген ұл-қыз ешуақытта өзге ұлтқа тұрмысқа шықпайды немесе үйленбейді. Ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп өскен, санасы, намысы, ар-ұяты бар адам ешуақытта жат жұрттықпен көңіл қоспайды. Бойында қазақылығы басым қыз баласы өтпелі сезімге алданбайды, ондай қадамға ешқашан бармайды деп ойлаймын. Дегенмен жастықтың буымен қателік жасап, кейіннен оны түсініп жатқандар да бар.
Қазақтың түбіне жететін фактор – қыз-қырқынның шетелге алшақтауы.    Осы себепті, ұлтты сақтау үшін белгілі бір заңды негіздер арқылы шетелдіктерге күйеуге тиюге тосқауыл қажет.  Белгілі ақын Есенғали Раушанов өзге ұлтқа тиген қазақ қыздары туралы тамаша жазып еді. Өзегін ұмытып, өзгенің отын жаққан қазақ қыздары жайлы сол мақалаға зер салған ешкім болмады-ау. Ақын түгіл, жақыныңның айтқанын тыңдай қоймайтын бойкүйездігіміз-ай осы біздің. 
        Қазіргі таңда бойдақтардың көбеюіне, олардың отбасын құра алмауына материалдық жағдайдың үлкен рөл атқаратынын айтпай кетуге болмас. Үлкендер өз балаларына ағылшын тілін игерудің маңыздылығын, шетелде тұрудың кереметтілігін, бақуатты тұрмыстың ғажайыптығын көп айтады. Осыдан соң, қыздар тарапынан «жалаңаяқ» жігіттерді менсінбеу жағдайлары бой көрсетіп жатады. Елімізде қазақ қыздарының өзге ұлтқа тұрмысқа шығуының жиілей түсуіне осы материалдық жағдайдың да үлкен әсері бар. Өзге ұлтқа шыққан қыз қазақтың көбеюіне, ұлттық мүддемiзге кері әсерін тигізген болып саналады. Бұл жағдайда әрбіріміз тосқауыл қоймасақ, соңы орны толмас өкінішке ұрындырады. Материалдық құндылық бірінші орынға шыққан осынау алмағайып заманда қыз өсіріп тәрбиелеп отырған аналар елдің ертеңгі жайын естен шығармаған ләзім. Тек қарның тоқ, киімің көк, тұрмысың жақсы болады деп, өзге ұлт өкілінің етегінен ұстауға рұқсат беретін үлкендерге не деуге болады? Аз халықтың тағдырын естен шығару қылмыс жасағанмен бірдей емес пе?
Бауыржан атамыздың келіні Зейнеп апамыз бір сұхбатында "Өз басым, ылғи да жастардан бір нәрсені талап етуден бұрын оларға үлкендердің алдымен өздері үйретуі керек екенін, көрсетуі керек екенін айтып келемін. Ал бұдан шығатын корытынды – қыз тәрбиелі болса, келін өнегелі болады. Келін өнегелі болса, ана парасатты болады. Ана парасатты болса, әже данышпан болады. Өмір осылай жалғасады" деген еді
Сол тағы ғаламторды ақтарып отырып байқағаным Айжан Байзақова немесе Шырын Наршаева секілді "сылқымдарымыз" талай қаракөздеріміздің миын улап бітті. Бір айтарым, не кисең де, қайда болсаң да, кіммен жүрсең де, қандай жағдай болса да арыңды сақта қазақ қызы, ұрпағыңды өлтірме. Ең бірінші ар мен намысты жоғары қоя білген қыз мен үшін нағыз қазақ қызы. Ол соншалық қиын емес қой. Бірақ қазіргі заманда ол да оңай емес ақылсыз адамға. Ары биік болса жыртық шалбар киіп, қоғамдық ортада айқайлап күлмес еді. Желіге өздерінің ұятсыз билерін салып, ақша үшін шешінбес еді.
ТҮЙІН:  Кім кінәлі? Әрине, Біз өзіміз! Еркектер кінәліміз. Баласын әжетханаға, қоқысқа, көшеге тастаған қыздарды сөгеміз, ал оның аяғын ауыр қылған жігіттерді ше? Арақ ішкен, шылым шеккен, жалаңаштанған, боқтап сөйлейтін, ұлтын қорлайтын, арын сататын қыздың бәрі жетім бе? Ата қайда, әке қайда, аға мен іні, нағашы мен жиен қайда? Неге қамқор болмайды? Неге тыйым салмайды?  
Бәрі де өзімізден.
Байтүгей СУАН
30 тамыз 2019 ж. 42 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30