» » Өндірісте жазатайым оқиға артпас үшін...

Өндірісте жазатайым оқиға артпас үшін...

  Қызметкер –кез келген компаниядағы маңызды ресурс. Ал дені сау қызметкер одан екі есе маңыздырақ. Бүгінгі таңда қолданбалы бағалауларға сәйкес, жылына 2 миллион адам кәсіптік аурулардың және өндірістегі жазатайым оқиғалар немесе жарақаттардың нәтижесінен қаза болады. Өлім-жітімсіз жұмыс орындарында болатын 268 миллионға жуық жазатайым оқиғалар орта есеппен бір жағдайға шаққанда үш күнге дейін уақытша еңбекке жарамсыздығына әкеледі. Жыл сайын өндіріспен негізделген аурулардың 160 миллион жаңа жағдайы тіркеледі. Бұдан бөлек, күйзеліске ұшырау осы күндегі кәсіби қауіптер саласында аурулардың жаһандық ауыртпалығының 8%-ын құрайды. Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бұл деректері жұмыс орындарында ресми тіркелген жарақаттар мен ауру жағдайларын ғана көрсетеді. 28 сәуірде атап өтілетін Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған баяндамасында, ХЕҰ күнделікті шамамен 6500 адам кәсіптік аурулар нәтижесінен және мыңнан аса – жұмыс орындарындағы жарақаттар нәтижесінен қаза болатыны жөнінде хабарлаған.
ХЕҰ сарапшылары белгілегендей, соңғы жылдары медицина қызметкерлерінің айтуынша, өндірісте психо-әлеуметтік денсаулыққа кері ықпалын тигізетін цифрлау, робототехника және нанотехнологиялар сияқты жаңа технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Олардың адам ағзасына тигізетін зияндылығын төмендету үшін түрлі қорғаныс тетіктерімен жарақтану қажет. Көптеген жазатайым оқиғалар биіктен құлау, ғимараттың құлауы немесе құрылыстың опырылуы, сондай-ақ құралдар мен материалдардың салдарынан орын алып жатады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша, жыл сайын республиканың 600 мыңнан аса жұмысшылары қосымша демалыс алу, жұмыс күнін қысқарту, қауіпті еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы алу, жұмыс берушінің және сақтандыру компаниясының қаражаттары есебінен сүт, емдік-профилактикалық азық-түлік өнімдерін алу түрінде өтемақыларын алып отырады. Бұл мақсаттарға жұмсалатын жыл сайынғы шығындар сомасы 60 миллиард теңгені құрайды.
Ресми деректерге сәйкес, Қазақстан халқының саны – 18 660 000 адамды құрайды, олардың 50%-ы экономикалық белсенді халық. Қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс жасайтын жұмысшылардың саны 370 мыңнан асып жығылады. Олардың ішінен жоғары деңгейдегі шу мен діріл жағдайында 40,9%-ы; газдалған және шаң-тозаң басқан жұмыс аумағында – 35,1%-ы; жағымсыз температуралық режим жағдайында – 18,1%-ы; ауыр физикалық жүктемеде –79,8 мың адам жұмыс жасайды (барлық жұмыс жасайтындардан 4,5%-ы). Кәсіптік аурулары бар 6919 науқас тіркелген. Ресми көрсеткіштер өте төмен, бұл дегеніміз кәсіптік аурулардың нақты көрсеткішінің жасырылғандығын білдіреді. Жұмыс беруші мен жұмысшының жауапкершілігі – бұл еңбек өндірісін 30-40%-ға дейін жоғарылатуға мүмкіндік беретін ұжымның мерзімдік міндетті медициналық тексерулермен 100% қамтылуы деген сөз. Кәсіптік аурулар жұмысшылар өз жұмыс орнында болған кезде ерте бастан анықталуы қажет. Уақытша еңбекке жарамсыз парағында болу орта есеппен 10 күнді құрайды, ал бір жағдайға кететін табысты жоғалту – 26 756 теңгені құрайды!
Қазіргі уақытта салауатты өмір салтын ұстануға азаматтарды тарту, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың, бұқаралық ақпарат құралдардың күштерін біріктерін тетіктерді қалыптастыру негізінде денсаулықты нығайту, халық санын арттыру және өміршеңдікті ұлғайту үшін жағдайлар құру қоғам үшін басым міндеттер. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы 2012 жылы бастау алған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Саламатты жұмыс орындары» жобасын іске асыруда, алғаш пилоттық жобаны енгізу бойынша ынтымақтастық жөніндегі келісімді республиканың 11 өңірінен 48 кәсіпорынмен жасасты. Бұл ретте, салауатты өмір салтының басымдықтарын қалыптастыруға және үгіттеуге, үздік тәжірибе мен әлемдік практикаларды жалпылауға және таратуға ықпал ететін бастамаларды қолдауға басым назар аударылады. Шетел кәсіпорындары health caremanagement немесе кәсіпорында денсаулықты басқару технологиясын бұрыннан қолданып, кәсіпорындағы мәселелерді шешудің маңызды әдістерінің бірі ретінде қарастырады. HR-бөлімдерінің деректері бойынша, бұл технология компанияның шығындарын ықшамдауына байланысты қаржылық ақталған күйде қала тұра, жұмыскерлерді ынталандыруға қабілетті. Нealth management – бұл қызметкерлердің денсаулығын қолдауға және жақсартуға бағытталған кәсіпорындағы іс-шаралар жүйесі. Қызметкердің денсаулығына күнделікті бақылау жасау функциясына фитнес-консультациялар, қосымша медициналық сақтандыру, корпоративтік психологтарды жұмылдыру, спортзалда шұғылдану, шылым шегумен қарсы күрес бағдарламаларын енгізу, салмақты бақылау, күйзеліспен күресу және т.б. көптеген жағдайларды жатқызуға болады. Соңғы жылдары қазақстандық компаниялардың тәжірибесінде осындай іспеттес бағдарламаларды және жұмыс жасайтын халық арасында салауатты өмір салтын насихаттауды енгізу бойынша үрдіс пайда болғанын айта кеткен жөн.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы «Саламатты жұмыс орындары» ДДҰ жобасын іске асыру шеңберінде  Қызылорда облыстық  Қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен  бірлесе   Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасында өткізген  «Саламатты үзіліс» челленджінен байқағанымыздай,  қатысушылар үшін бұл жоба қызықты.  Қауіпсіз өмір мен еңбек үшін жағдай жасау, дене шынықтырумен айналысуға инфрақұрылым құру,  жұмыс орнындағы психоәлеуметтік ортаны жақсарту маңыздылығы күн тәртібіндегі мәселелердің бірі.  Атап айтсақ, аталмыш жоба қатысушысыларының бірі «Абзал және К» ұйымы спорттың бірнеше түрінен түрлі турнирлерді жиі өткізетінін, саламатты өмір салтын ұстануға ынталандыру үшін жұмысшыларға спорт кешендеріне тегін жолдамалар берілетінін, сонымен қатар қызметкерлерге арналған спорт алаңын салуды жоспарлап отырғанын айтты. Жобаның тағы бір қатысушысы «Болашақ» университеті де жоба аясында атқарылып жатқан бірқатар жұмыстарымен бөлісті. 
Тәжірибеге мұндай бағдарламаларды жүйелі түрде енгізу еңбекке қабілетті халықтың денсаулығын нығайтып қана қоймай, ұйымда жағымды әлеуметтік ахуал құруға (жұмысқа қабілетті, уәждемелі және ұйымшыл персонал) және оның қызмет ету тиімділігін арттыруға да ықпал етеді.
Әйгерім  ҚОЖАХМЕТОВА
31 тамыз 2019 ж. 51 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30