» » Қорқамын кейінгі жас балалардан

Қорқамын кейінгі жас балалардан

   "Нысана" театрының "Мектеп кезіндегі қызықтар" тақырыбындағы әзілі бар. Ол көпшілікке ұнамай, сынның астында қалған. Меніңше, бұл әзілде артық ауыс ештеңе жоқ. Тек қазіргі мектеп оқушыларының шынайы бет-бейнесін көрсеткен. Бір-біріне деген құрметсіздік, мектеп ішінде шылым шегу, оқушылар арасындағы төбелес – бәрі шынайы. Шынында, бүгінде жастар арасында, оның ішінде кәмелет жасқа толмағандар арасында қылмыс өршіп тұр. Олар бір-біріне жұдырық ала жүгіреді. Одан қалды беймезгіл уақытта ойын автоматтарынан табылады. Түнде  көшеде топ-топ болып жиналып отырады. Осыған қарап кейінгі жас буынға қалай сенім артуға болады деп ойланасыз...
     "Менің мектепке барғым келмейді" дейді екен бір танысымның ұлы. Неге олай айтқанын білу үшін достарынан сұрастырса жоғарғы сынып оқушылары қорқытатын көрінеді. Бұндай жайттың жиі кездесетінін де жақсы білеміз. Әйтпесе әлеуметтік желілерде оқушылардың төбелесі тарамас еді.  Ұлдар төбелессе жөн ғой. Қаршадай қыздардың "менің жігітім" деп шаш жұлысқанын көргенде жаға ұстайсыз.
Жамағайынымның алты баласы бар. Күйеуі балаларды тастап,  бас сауғалап кетіп қалды. Жалғыз басты ана ұл-қыздарын асырау үшін күн-түн демей жұмыс істейді. Ұл ұяға қыз қияға қонғанмен бәрі де ішімдікке үйір. "Бастысы, әрқайсысын үй қылдым ғой" деп күйінген екен ана байғұс. Жағдай қиын. Қай жерден шалыс басқанда аңдау да оңай емес.
Мөлдір КЕНЖЕҒҰЛОВА
  
01 қыркүйек 2019 ж. 200 0

PDF нұсқалар мұрағаты

06-335

13 ақпан 2020 ж.

05-334

06 ақпан 2020 ж.

04-333

30 қаңтар 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829