» » ТАРИХ ТҰНҒАН МҰРАЖАЙ

ТАРИХ ТҰНҒАН МҰРАЖАЙ


«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласында Елбасы болашағымызды бағамдап, ұлтты алға бастар тұшымды ойларымен бөліскен. Жас ұрпақты туған жердің қасиетін ұқтырып, ұлтжанды етіп тәрбиелеуде ұстаздарға да артылар міндет зор. Қаладағы  «Абылай хан» атындағы колледждің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Берікбол Әбдібеков бұл жауапкершілікті айқын сезінеді. Студенттердің патриоттық сезімін арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Соның бірі жуырда оқытушының жетекшілігімен I курс студенттері «Қызылорда облыстық тарихи – өлкетану музейіне» экскурсия жасады. Жалынды жастарды «Экскурсиялық-көпшілік» бөлімінің меңгерушісі Сағитжанова Эльзира «Қазақ хандығы», «Кеңес өкіметінің құрылуы», «Ауылшаруашылығы», «Соғыс жылдары», «Мәдени және өнер», «Этнография», «Тәуелсіз Қазақстан» және т.б. залдарына апарып, әрбір тарихи кезең мен мұражайдағы экспонаттар туралы  терең мағлұмат берді. Жастар тарихи деректермен сусындап, көкейінде жүрген сұрақтарға жауап тапты. Тарихтан сыр шерткен тағлымды шара жалғасын таппақ.
Айымкүл ҚОСПАНОВА, кітапхана меңгерушісі.
15 желтоқсан 2017 ж. 599 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031