» » Балаларға жасалған қылмыстар үшін жазаны күшейту керек

Балаларға жасалған қылмыстар үшін жазаны күшейту керек

   Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға жасалған қылмыстар үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды.
Бұл туралы Президент Парламенттің біріккен отырысының VI шақырылымының 5-сессиясы барысында айтты. "Біз заңнаманы гуманизациялаумен айналысып кеттік, салдарын азаматтардың құқығын елемейміз. Жедел түрде сексуалды зорлық, педофилия, есірткі тасымалдау, адам саудасымен айналысатындарға, ауыр қылмыс жасағандарға, әсіресе балаларға қатысты қылмыс жасағандардың жазасын күшейту қажет", - деді Тоқаев.
Еске салайық, 10 тамызда Тоқаевтың алғаш рет Қазақстан халқына Жолдау жариялайтыны хабарланған болатын. "2 қыркүйекке жоспарланған Халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктеледі", - деп жазған еді Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.
02 қыркүйек 2019 ж. 172 0

PDF нұсқалар мұрағаты

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930