» » Үкімет тарифтер мен бағаны реттеуі тиіс – Қ.Тоқаев

Үкімет тарифтер мен бағаны реттеуі тиіс – Қ.Тоқаев

   Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке тарифтер мен бағаларды реттеуді тапсырды. 
«Үкімет тариф пен бағаны реттеу мәселесін қолға алуы тиіс. Бұл монополистердің тауарлары мен қызметтеріне қатысты. Біздің елде киім-кешектен бастап азық-түлікке дейін баға қымбат екені құпия емес. Мәселен, неліктен негізгі авиатасымалдаушының авиабилеттері еуропалық бағаға қарағанда 30 пайызға дейін қымбат? Біздің әуежайлардың қызмет бағалары неліктен жоғары? Неге шетелдік әуе тасымалдаушылары үшін авиаотын отандық тасымалдаушыларға қарағанда қымбатқа сатылады? Осының салдарынан қазақстандық авиация саласы өзінің халықаралық бәсекеге қабілетін жоғалтып, елдің транзиттік әлеуеті азайып барады», - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында. Президенттің айтуынша, жауапты министрліктің жұмысының әлсіздігінен темір жол, жолаушылар тасымалы билеттерінің жетіспеушілігі қолдан жасалып отыр. Айта кетейік, елордада өткен ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын жариялады.
02 қыркүйек 2019 ж. 148 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031