» » Ғылымға көңіл бөлу ‒ дамудың кепілі

Ғылымға көңіл бөлу ‒ дамудың кепілі

      Президент өз жолдауында елімізде қордаланған, әлі де болса көптеген мәселелері шешілмей келе жатқан түйткілді мәселелердің басын қозғап, шешу жолдарын нақтылап көрсетіп берді. Олар: мемлекеттік билік, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ел экономикасы, әлеуметтік сала, ел аумақтары және осы аталғандарға қатысты басқа да мәселелер.
Өзім жоғары білім беру, ғылым саласы қызметкері болғандықтан, біздің назарымызды аудартқаны осы сала бойынша жолдаудағы көтерілген мәселелер болып табылады.
Қай саланы болмасын алмайық жақсы білікті мамансыз алға ілгерілеуді елестету мүмкін емес. Білім экономикасын енгізу, білім сапасын жақсарту және т.б. іске асыру мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайына тура байланысты. Педагогтың статусын жоғарылату, өзіне тиесілі емес жұмысқа тартпау, олардың қоғамдағы орындарын нақтылау, ұстаз жалақысын жоғарылату және т.с.с. арқылы бұл шараларды жүзеге асыруға болады. Бұл жолдаудағы ұстаздар үшін ең қуантарлығы келесі жылдан бастап жалақыны әр жыл сайын 25%-ға өсіріп отыру арқылы 4 жылда 2 есеге жоғарылату болып табылады.
Мемлекеттің дамуы ғылымсыз іске аспайтыны анық, Президент өз жолдауында ғылымға да ерекше көңіл бөліп, ғылыми зерттеулердің сапасы мен тиімділігін арттыру бойынша Үкіметке өз тапсырмасын берді.
Индустрия, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және т.б. көптеген салалардың білікті мамандарсыз дамуын елестету мүмкін емес, бүгінгі жолдаудағы білім саласын дамыту бойынша көтерілген мәселелер жоғарыдағы аталғандардың дамуына үлесін қосары сөзсіз.
Нұрбол АППАЗОВ,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ ректорының ғылыми жұмыстар және қоғаммен байланыс
жөніндегі кеңесшісі м.а, химия ғылымдарының кандидаты, профессор
02 қыркүйек 2019 ж. 162 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30