» » Президенттің қоғамға қамқорлығы сезілді

Президенттің қоғамға қамқорлығы сезілді



    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауын тыңдадық. Мемлекет басшысы мазмұнды мәлімдеме жасады. Қоғамның жағдайына баса назар аударғаны қуантты. Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айрықша тоқталды. «Біз шамадан тыс шараларға жүгінуден және қатал жазалау сынды тәжірибеден алшақ кеттік. Бірақ елімізде жасалып жатқан көптеген ауыр қылмыстар бар. Біз ізгілік дегенге көп мән беріп кеттік. Қайткенмен де зорлық-зомбылыққа, педофилияға, балаларға, адамға қарсы қылмыстарға қатысты жазаны қатайту қажет», - деп Үкіметке тапсырма берді. Мемлекет басшысы көтерген жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі трафигі, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және жеке адамға, әсіресе балаларға қатысты ауыр қылмыстар үшін жазаны шұғыл түрде күшейетіні көңілімізге қуаныш ұялатты. Мәселені Парламент пен Үкіметке тапсыруы Мемлекет басшысының қоғам өміріне қамқорлықпен қарауы деп түсінеміз. Әйелдер зорлық көрмей, балалар қорлық көрмей тыныш қоғамда өмір сүретін уақыт жетті. 
Айнұр Жұмабаева, Қызылорда қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы
02 қыркүйек 2019 ж. 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30