» » Мемлекеттік қызмет ашық болуы қажет

Мемлекеттік қызмет ашық болуы қажет

 Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының «Сындарлы Қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын ұжым болып тыңдадық. Мемлекет басшысы елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару жолдарын айқын көрсетті. Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізетінімізді айтты.
 Заманауи тиімді мемлекет болу. Әсіресе халықпен кері байланысты арттыру қажеттілігін айтты. Қоғамдық диалог орнатып, ашықтық, көмекті қажет еткен жандарға дер кезінде жәрдем ету, мәселесіне уақытылы назар аудару мемлекеттік органдардың басты жұмысы екенін атап өтті. Азаматтардың өтініштерінің орындалуын енді Президент әкімшілігі тарапынан бақылауға алынбақ.
Лауазымды тұлғалардың ашықтығы дұрыс болмағандықтан халықтың Президентке шағымданып келетінін де орынды қозғады. Мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру үшін жас әрі білікті кадрларды шақыру қажеттігін айтты. Сонымен қатар 2020 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілерді біртіндеп қысқартып, жұмыс сапасын жақсарту қажеттігін алға тартты. Үкімет мүшелеріне, мемлекеттік органдар мен өңірлердің, мемлекеттік компаниялардың және мекемелердің басшыларына тиісті реформаның жүзеге асырылуы үшін жауапкершілік жүктеді. Мемлекеттік қызмет –халыққа қызмет. Сондықтан оған ашықтық пен қолжетімділік қажет. Президент Жолдауы сала жұмысының сапасын арттырмақ.
   Мемлекет басшысы Жолдауын Ұлы Абай өзінің алтыншы қара сөзінде айтылған «Бірлік – ақылға бірлік» деген жолдарымен түйіндеді. «Береке мен бірлік, ақыл мен парасат халқымызды үнемі алға бастап келеді.Бағытымыз – айқын, жолымыз – ашық. Бәріміз бірге болсақ, еліміз бұдан да зор табысқа жетеді деп сенемін», – деді Президент.
   
Нұрман Талқанбаев,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы
02 қыркүйек 2019 ж. 294 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30