» » Төреғали Төреәлі Instagram желісінде қоғамдағы ащы шындықты көтерді

Төреғали Төреәлі Instagram желісінде қоғамдағы ащы шындықты көтерді

   Белгілі әнші Төреғали Төреәлі Instagram желісіндегі парақшасында қоғамдағы ащы шындықты көтеріп, жазба қалдырды.
Өнер иесі өзекті мәселелерді өлең жолдары арқылы Мұқағали Мақатаевтың "Сәби болғым келеді" туындысының ізімен жеткізді.
Ол ақ қағазға телмірген ақын, өлген соң ел білген батыр болғысы келмейтінін ашып айтты.
"Әкім болғым келмейді, жұрт ақысын жеп жүрген. Шопыр болғым келмейді, үйін көрмей жол жүрген", - деп жазды Төреғали.
Әнші тентектермен алысқан ұстаз, теріс укол шанышқан дәрігер, сыйласатын алыстан бай да болғысы келмейтінін жоққа шығармады.
"Басымдағы бағымды, Алла ғана береді. Тауып жермін нанымды, анам маған сенеді. Бақытты етіп жарымды, адал болғым келеді. Қарапайым кәдімгі - адам болғым келеді", - деп сөзін қорытындылады әртіс.
03 қыркүйек 2019 ж. 583 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30