» » Вакцина-профилактикасының тиімділігі

Вакцина-профилактикасының тиімділігі

   Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті (бұдан әрі - Департамент) облыс халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету және денсаулығын қорғау мақсатында жүзеге асырылатын инфекциялық аурулардың иммундық-профилактикасы және вакцинациялау саласында жүргізіп отырған жұмыс барысы туралы баяндады.
Іс-шараға Департамент басшысының орынбасары Алия Абдикаимова, Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Бибізада Дүйсенбаева қатысты.
Алия Абдикаимова өз баяндамасында облыста инфекциялық ауруларға қарсы күрес бағдарламасы иммундық-профилактика арқылы іске асырылатынын атап өтті.
Бүкіл әлемде иммундық-профилактика инфекцияларға қарсы күресуде ең тиімді, үнемді және қолжетімді құрал болып танылды. Облысымызда 19 инфекциялық ауруға қарсы вакцинациялау жүргізіледі. Балаларды иммундау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ұсынылған сапалы вакциналар сатып алынады.
Облыста жыл сайын туберкулезге қарсы 10 мыңнан астам жаңа туылған нәресте және 3000-нан астам 6-7 жастағы балалар вакцинамен қамтылады.
Өткен кезеңде облыста 11 мыңға жуық бала егілді, олардың ішінде иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністердің күрделі жағдайлары тіркелген жоқ.
Туберкулезге қарсы вакцинациялау балалардың арасында туберкулез менингиті және диссеминирленген туберкулез сияқты ауыр жағдайларының дамуына жол бермеуге мүмкіндік береді.
Соңғы 20 жылдың ішінде туберкулезбен сырқаттанушылық 5,2 есеге (100 мың халыққа шаққанда 1999 жылғы 291,4-тен 2018 жылғы 55,13-ке дейін), 14 жасқа дейінгі балалар арасында 9 есеге (100 мың балаға шаққанда 1999 жылғы 79,8-ден 2018 жылғы 8,9-ға дейін) төмендеді.
Бұл деректер балаларды вакцинациялауды қоса алғанда туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында жүргізіліп отырған шаралардың тиімділігін растайды.
Алайда туберкулезге қарсы вакцина (БЦЖ) «Japan BCG Laboratory» (Жапония) зауыт-өндірушісімен 35 елден кері қайтарып алынуына байланысты облыста, жалпы республикада туберкулезге қарсы вакцинациялау уақытша тоқтатылды.
Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен «SERUM institute of INDIA» (Үндістан) өндірісінің БЦЖ вакцинасын сатып алу және жеткізу мүмкіндігін қарастырылуда.
Брифинг барысында мамандар балалар жасының инфекциялық аурулар үшін ең осал жас болып саналатындығын айтты. Бұл ағзаның жеткіліксіз дамуына және жалпы төзімділігінің төмендеуіне байланысты. Вакцинация ағзада арнайы антиденелердің түзілуі мақсатында жүргізіледі, осылайша көкжөтел, сіреспе, дифтерия, туберкулез, полиомиелит, қызылша, қызамық, паротит сияқты ауруларға қарсы ағзаның қорғаныш қызметін (иммунитет) күшейтеді.
Сондай-ақ, брифинг барысында облыстағы қызылша ауруының эпидемиологиялық ахуалы мен оны тұрақтандыру бойынша ауқымды шаралардың қабылданғандығы баяндалды.
Қызылшамен сырқаттанушылық бойынша жағдай Департаменттің тұрақты бақылауында. Инфекция ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шаралар әлі де жалғасуда, облыста 300-ден астам байланыста болған адам қызылшаға қарсы егілген.
Қызылшамен сырқаттанушылық бір жасқа толмаған егу жасына жетпеген балалар арасында көп тіркелгенін ескере отырып, амғымдағы жылы 01 сәуірден бастап 9-10 айлық балаларды қосымша вакцинациялау жүргізілуде. Облыста 7000-нан астам бала екпемен қамтылды. Бұдан бөлек, 4500-ден астам медицина қызметкерлері егілді.
Қабылданып отырған шаралар сырқаттанушылықтың динамикасын төмендетуге мүмкіндік берді. Мысалы, шілде айында қызылшамен сырқаттанушылық 2019 жылдың наурыз айымен салыстырғанда 17 процентке (81 жағдайдан 64 жағдайға дейін) төмендеді.
Ересек тұрғындардың арасында неғұрлым жоғары сырқаттанушылық 20-29 жастағы адамдар арасында тіркелді. Осыған орай, облысымызда 2019 жылдың қыркүйек айында осы жастағылар арасында қызылша мен қызамыққа қарсы қосымша иммундау кампаниясы басталады.
Профилактикалық егуден бас тартқан жағдайда ата-аналар баласын инфекциядан және оның салдарынан қорғану құқығынан айыруы мүмкін екендігін есте сақтауы қажет.
Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті балаңыздың инфекциялық ауруларға қарсы вакцинациясының болуын тексеруге және вакцинация болмаған жағдайда профилактикалық егулер алу үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша медициналық ұйымға жүгінуге ұсыным береді.
04 қыркүйек 2019 ж. 193 0

PDF нұсқалар мұрағаты

47-324

21 қараша 2019 ж.

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930