» » Қазақ әншісі американдықтарды шақырады

Қазақ әншісі американдықтарды шақырады

   «10 желтоқсанда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Barclays Center стадионында жеке концертім өтетінін хабарлаймын. Билет сатылымы жақында басталады. Instagram парақшамды бақылап отырыңыздар», - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында. Айта кетсек, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің АҚШ-та концерті өтетінін Мәдениет және спорт министрлігі хабарлаған болатын. «АҚШ-та Мәдениет және спорт министрлігінің тікелей қолдауымен және ұйымдастыруымен Димаштың концерті өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты. Ерекше кездесу өткізген министр Димаш Құдайберген АҚШ-та жеке шығармашылық концертін беретінін жеткізді. Аты әлемге әйгілі өнер иесінің бұл кеші Нью-Йорк қаласында болмақ», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрінің сол кездегі баспасөз хатшысы Айдар Қырықбайұлы. Еске салсақ, Димаш Құдайберген жақында ғана елордада «Арнау» атты жеке концертін беріп , одан түскен қаржының бір бөлігін Арысқа көмек ретінде аударды.  Сондай-ақ, бұған дейін оның Лондон мен Мәскеуде жеке өнер кештері өтті.
05 қыркүйек 2019 ж. 133 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30