» » SANALY QYZMET – SAPALY NÁTIJE

SANALY QYZMET – SAPALY NÁTIJE

   "Азаматтарға арналған үкімет" жыл басында SANA корпоративті мәдениетін дамыту жобасын бастаған болатын. Енді мемлекеттік корпорацияның Қызылорда облысы бойынша филиалы осы ішкі корпоративтік мәдениетін дамыту арқылы адами капиталды да дамытуды басты міндеттерінің бірі ретінде қолға алды.
Қызметінің 90 пайызы халыққа қызмет етуден тұратын корпорация қазіргі таңда мемлекеттік қызмет көрсетудің біріңғай провайдері болып отыр. Сондықтан қызмет алушылардың ризашылығы басты назарда.
S – Сенім. Біз ‒ әрдайым сіздермен біргеміз, жылдар бойы сапалы қызмет көрсетудеміз. Біз ‒ ұйымшыл командамыз, ойларымыз алуан түрлі болғанымен, бәріміздің көздегеніміз бір нысана. Біз көмекке мұқтаж әрбір жанға қол ұшымызды созуға ұмтыламыз.
A – Абырой. Халқымызға адал, жауапкершілікпен және әділ қызмет ету ‒ біз үшін абырой. Біз шындықты айтамыз. Сөзімізде тұрамыз және өз ісіміз үшін жауап береміз.
N – Нәтиже. Біздің клиенттер сапалы нәтижеге қол жеткізеді. Біз қызметкерлерді нәтижеге қол жеткізгендерді және дамуға атсалысқандары үшін көтермелейміз. Біз үздіксіз жетілудеміз.
A ‒ Ашықтық. Біз азаматтар мен бизнестің цифрландыруға қатысуын арттырамыз. Біз бәріне ашықпыз, проблемаларды жасырмай, үнсіз қалдырмай шешеміз. Біз цифрлық технологиялар арқылы инновация мен көшбасшылықты дамытамыз.
Бұлар біздің корпоративтік мәдениетіміздің басты 4 құндылықтары болып саналады.
04 қыркүйек 2019 ж. 35 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30