» » 240 пәтер пайдалануға дайын

240 пәтер пайдалануға дайын

   Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Қызылорда облыстық филиалы салымшылар мен журналистерге арнап пресс тур ұйымдастырды. Шара барысында қызылордалықтар Сырдария өзенінің сол жағалауындағы тұрғын үйлердің құрылысымен танысып, сала мамандарына сұрақтарын қойды. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында баспана болу үшін қойылатын талаптардың бірі - тұрғын үй бағасының 20%-ын депозитте жинау. Осыдан кейін банк баспананы жылдық 5 пайыз мөлшерлемемен сатып алу мақсатында жеңілдетілген несиені ұсынады.

Аумағы 57 шаршы метрді құрайтын 2 бөлмелі пәтердің құны – 7 980 000 теңге (бастапқы жарна 20% - 1 596 000 теңге; 8 жылға есептелген ай сайынғы төлем 44 422 теңгені құрайды, қалған 11 жыл 36 708 тг),
аумағы 67 шаршы метрді құрайтын 3 бөлмелі пәтердің құны - 9 380 000 теңге (бастапқы жарна 20% – 1 876 000 теңге; 8 жылға есептелген ай сайынғы төлем 52 000 теңгені құрайды, қалған 11 жыл 43 125 тг ).
   Банк салымшылары осы кезеңде «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысып, тұрғын үйді сатып ала алады. Ол үшін baspana.kz порталына кіріп, ұнаған нысанды немесе пәтерді таңдап, өтініш беру қажет. Мұны 2019 жылдың 11 қыркүйегін қоса алғанда орындау керек.
«Банктің басты мақсаты – өз салымшыларын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. Біз бұл жұмысты үнемі жүргізіп отырамыз. Осы орайда, бізге жергілікті әкімдік қызметкерлері мен құрылыс компанияларының өкілдері де көмек көрсетуде. Нәтижесінде, біз клиенттеріміз үшін шаршы метрі 140 000 теңгелік 240 пәтерді ұсынғалы отырмыз. Жаңа үйлер Сырдария өзенінің сол жағалауында салынды», - деді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Қызылорда қаласындағы филиалы директорының міндетін атқарушы Ілияс Журунов.
Тұрғындар да өз пікірін білідрді.
Гүлжахан Мнажадинова, банк салымшысы:
- Сол жағалаудағы үйлерді қарап шықтық. Заманауи үлгіде жақсы салынған екен. Банк салымшысы ретінде немерелеріме пәтер алғым келіп қарап жүрмін. Мемлекеттік бағдарламамен алсақ тиімді шарттары көп екен.
Ал мемлекеттік бағдарлама аясындағы тұрғын үйлер жеңілдетілген шарттармен сатылатындықтан, өтініш берушілерге төмендегідей талаптар қойылады.
Бұл:
- Қазақстан Республикасы азаматтығының немесе оралман мәртебесінің болуы;
- өтініш беру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында салымшының атына тіркелген тұрғын үйдің болмауы (өтініш берушінің өзі мен отбасы мүшелерін қоса алғанда)
- төлем қабілеттілігін растау.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан барлық құрылыс нысандары туралы ақпарат baspana.kz сайтында жарияланған. Аталған портал арқылы сіз өзіңізге қажетті қаланы таңдап, қандай нысандардың салынып жатқанын білуіңізге болады. Сондай-ақ, өтінім қабылдау мерзімін анықтап, тұрғын үй сатып алушылардың пулына қатысу мақсатында өтініш бере аласыз.
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспана алғысы келетіндер санының көптігіне байланысты пәтерлер баллдық жүйе бойынша бөлінеді. Үй сатып алушылар пулына ең көп балл жинаған адамдар кіреді. Балл саны депозитті толтыру жиілігіне және оның мерзіміне байланысты. Яғни, салымшының шоты неғұрлым ертерек ашылып, тұрақты түрде толықтырылып отырса, онда оның балл саны да соғұрлым жоғары болады. Баллды есептеу процесі автоматтандырылған әрі айқын түрде жүргізіледі.
Шара барысында тұрғындар үйлерді көріп қана қоймай, банк өкілдеріне өз сауалдарын қойып, жауап алды. 
Гүлбану МАҚАЖАН
Суретті түсірген Нұрболат НұржаубайН
05 қыркүйек 2019 ж. 195 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30