» » БЦЖ вакцинасы

БЦЖ вакцинасы

    Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, селекторлық режимде «Республика бойынша БЦЖ вакцинасын қолданудың тоқтатылуына байланысты жедел іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбында жұмыс отырысын өткізді. Аталмыш шараға облыстағы барлық аудандық және қалалық медициналық мекемелер басшылары қатысты.
Қызылорда облысының туберкулез ауруы бойынша эпидахуалының күрделі болуын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 25.12.2017 жылғы №994 "Туберкулез бойынша медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығы 3-тарауының 14-тармағын іске асыру, яғни жаңа туған нәрестені қауіпсіз ортада қабылдау мақсатында арнайы бұйрық дайындалып, құзырлы мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Сонымен қатар бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарының жалпы тәжірибелі дәрігерлері, аймақтық фтизиопедиатрлар және Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қалалық және аудандық басқармалары мамандарының өзара іс-қимыл алгоритмі әзірленді.
Бұдан бөлек, жұмыстық кездесу барысында облыс халқын қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шараларды белсендендіру, барынша иммундық-профилактикалық жұмыстарды жүргізіп, БЦЖ екпесі бойынша қазіргі қалыптасқан жағдай туралы дұрыс ақпарат берілу қажеттілігі айтылды. Медициналық қызметкерлерге егу алмаған балаларды жіті бақылауға алу тапсырылды.
Жұмыстық кездесу қорытындысымен БЦЖ вакцинасын алмаған жаңа туған нәрестелерді бақылау және олардың отбасы мүшелерінің туберкулезге қарсы тексерілуі бойынша атқарылған шараларды мониторингтеу үшін әр аптада штаб отырысын тұрақты өткізу туралы шешім қабылданды.
06 қыркүйек 2019 ж. 112 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30