» » "Сегіз қырлы": Пианинода ойнаған Нұрлан Әлімжановқа ел сүйсінді (Видео)

"Сегіз қырлы": Пианинода ойнаған Нұрлан Әлімжановқа ел сүйсінді (Видео)

   Нұрлан Әлімжанов пианинода әлемге әйгілі туындыны ойнап отырған видеосын Instagram парақшасына жүктеді. Желі қолданушылары "сегіз қырлы, бір сырлы" әншіге жылы лебіздерін жаудырып, өнеріне тәнті болды.
Нұрлан Әлімжанов жанкүйерлеріне әлемге әйгілі "Той маршы" туындысын орындап берді.
Әнші оқырмандарына өзінің пианиноны меңгергенін көрсетіп қалды. Аспапта мүдірместен ойнап шыққан мәжіліс депутатын жанкүйерлері жер көкке сыйғызбай мақтады.
"Сегіз қырлы, бір сырлы, нағыз азаматсыз", "Браво", "Жарадыңыз", "Қолыңыз дерт көрмесін", "Керемет", "Қалай тамаша ойнайсыз?!", "Сіздің өнеріңіз бен қабілетіңізді бағалаймын", "Өнеріңіз өрге жүзсін", - деп жазды олар.
Сонымен қатар, жанкүйерлер арасында Әлімжанов осы туындымен жақын арада үйленетінін астарлап жеткізбек деген пікірлер де болды.
08 қыркүйек 2019 ж. 203 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930