» » ЖАСТАРДА ПИЕЛОНЕФРИТ ЖИІ КЕЗДЕСЕДІ

ЖАСТАРДА ПИЕЛОНЕФРИТ ЖИІ КЕЗДЕСЕДІ

   Гүлнәр ШАЙМЕРДЕНҚЫЗЫ,  №6 қалалық емхананың дәрігері:
‒ Гүлнәр, әңгімемізді медицина саласына қалай келгеніңізден бастасақ...
‒ Гүлнәр, әңгімемізді медицина саласына қалай келгеніңізден бастасақ...
‒ Дәрігер атанып, халықтың денсаулығына жауапкершілікпен қарау ‒ бала күнгі арманымның бірі. Сол себепті 2008 жылы  С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне оқуға түстім. Оны 2015 жылы аяқтаған соң, еңбек жолымды жедел жәрдем қызметінде дәрігер-терапевт болып бастадым. Ал қазір №6 емханада жалпы тәжірибедегі дәрігермін.
Қазіргі таңда тұрғындар қандай ауру бойынша көп шағымданады? Әсіресе жастар арасында?
‒ Бүгінде халық арасында артериалдық гипертензи́я, гипортериоз, миокард инфаркті, қант диабеті және қатерлі ісік аурулары көп. Ал жастар арасында бүйрек аурулары, әсіресе пиелонефрит жиі кездессе, жасөспірімдер этиологиясы белгісіз ишемиялық инсульт бойынша шағымданады.
‒ Пиелонефриттің көбею себебі неде?
    ‒Пиелонефрит – бүйректегі интерстициялық талшықтың қабынуы. Бұл – бүйректің ең жиі кездесетін ауруы. Ол бірінші және екінші пиелонефрит болып бөлінеді. Алғашқы түрінде бүйректің зақымдану себебі беймәлім болса, келесі сатысында пиелонефрит туа бітті яғни тұқым қуалайды.  Ағзада бұл аурудың пайда болуына тамақтану процесі едәуір ықпал етеді. Қазір қандай тағам болмасын құрамына канцерогендер көп мөлшерде қосылады, соның салдарынан зиянды қалдықтар адам денесіне жинақтала береді. Оған қоса климаттың жағымсыздығы, ұзаққа созылған күйзеліс те аурудың өршуіне себепші.
    ‒ Дәрігер ретінде сізді қандай мәселелер алаңдатады?
‒ Соңғы уақытта ұлт саулығына баса назар аударылып, халықтың тұрмыс жағдайына жіті мән берілуде. Сол үшін облыстық медицина саласының даму қарқынын жоғары деп бағалаймын. Әсіресе, емханалардың заманауи жаңа аппараттармен қамтамасыз етілуі шетелде жасалатын операцияны өз аймағымызда жасауға мүмкіндік берді. Оған қоса бауыр,бүйрек сынды маңызды ағзаларға трансплантация жасайтын мамандар жеткілікті. Ал медицина саласының басты кемшілігі ретінде ауылдық жердегі емханаларда кардиолог, невропатолог, онколог сынды дәрігерлердің жетіспеушілігін айтуға болады.
  ‒ Аймақ дәрігері ретінде жақсы білесіз, күн суытқаннан бастап тұмау асқына түседі. Осы орайда ата-аналар үй жағдайында баланы қалай емдеу қажет?
   ‒ Қазіргі таңда балалар арасында тымау көп. Салқын тиген кезде бала бірден ауырып қалады. Баланы ауыртпас үшін, жылы киіндіру қажет. Сондай-ақ салқын су мен балмұздақты көп бермеген жөн. Біз баланың қолын қайтаруды білмейміз. Сондықтан да бала не сұраса соны алып береміз. Ақыры денсаулығына зиян тиеді. Тұмаудың алдын алу үшін таңертеңгі және кешкі уақытта бетті суық сумен жуып, кешке қарай аяқты жылы суға салса, ағзаның ауруға қарсы күресу қуаты артады. Тамақтан кейін ауызды тұзды сумен үнемі шайып жүрсе, ауыз қуысындағы бактерияларды жояды. Сірке суын қайнатып, үй ішін күнделікті булап тұрса, микробтар жойылады. Күз мезгілінде өте қалың киініп алмау керек. Қалың киім дененің суыққа төзімділігін әлсіретеді. Әр күні таңертең, жеңіл киіммен таза ауада 30 минут дене жаттығуларын жасау тұмаудың алдын алады. Екі алақанды беттестіріп ысып, алақан ортасы ысығаннан кейін, мұрын желбезегінің артқы түбін қос бармақпен 10 рет уқалау керек. Қызанақ, сәбіз, алма секілді көкөністер мен жемістерді үзбей пайдаланған жөн.
  ‒ Қай салада болмасын уақыт жеткіліксіздігін жиі айтамыз. Дәрігердің де әр тәулігі қарбаласқа толы болар...
‒ Менің жұмыс күнім таңертеңгі сағат 08.00-де тұрғындарды қабылдап, науқастарға жолдама жазып беруден басталады. Оған қоса кішкентай балалардың вакцинасын егемін. Осылайша тұрғындарды қабылдау түскі  сағат 13.00-ге дейін жалғасады. Ал түскен кейін өзімізге қарасты аймақтағы емханаға келуге мүмкіндігі жоқ науқастарға арнайы барып, тексеру жүргіземін. Жағдайын толық бақылаған соң ем жазып беремін. Сонымен қоса мүгедек балаларға да кеңес беріп үлгеремін. Осылайша кешкі 18.00-де жұмыс уақыты аяқталады.
‒ Сұхбаттасқаныңызға рақмет!
Гүлдана ЖҰМАДИН
     
09 қыркүйек 2019 ж. 96 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30