» » Армениядан көлік алған дұрыс па?

Армениядан көлік алған дұрыс па?

Армениядан көлік алған дұрыс па?
Салыстырмалы түрде жаңа, бағасы да көңілге қонымды, оның үстіне салық төлеудің де қажеті жоқ. Бұған қоса, сатушылар мен делдалдар барлығының жария әрі заңды екендігіне сендіреді. Қызықтыра ма? Расында солай ма екен, тереңірек үңіліп көрейік.
Соңғы кездері Қазақстанда, әсіресе батыс аймақтарда армяндық нөмірі бар автокөліктер көптеп пайда болуда. Біздің сайтта да сондай көліктердің сатылымы жайлы хабарландырулар аз емес. Көрсетілген жыл үшін бағалары сондай тартымды. Сатушылар төрт дөңгелекті тұлпардың мақтауын асырып, бұлбұлша сайрайды. Бұл жағдайда тәуекелге баруға бола ма? Қане, көрейікші.
Мызғымас одақ…
Ең алдымен заңдарға назар салайық. 2014 жылы Армения Еуразиялық экономикалық одақтың құрамына кірді. ЕЭО халықаралық келісімшарттарына сәйкес, Одақ аумағында еркін өткізуге болатын тауарлар ретінде 2014 жылға дейін Арменияда тіркелген автокөліктер санала бастады. (Мұны қанатшамен белгілеп қояйық.) Әрі қарай: Арменияға 2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін жеткізіліп жатқан көліктер ЕЭО тауарлары болып саналмайды. Және оларды тіркеуден өткізу арқылы Одақтың өзге елдеріне кіргізу не ЕЭО жолдарында үнемі пайдалану, тек Арменияда бұрын төленген кедендік төлемдер мен кедендік алым-салықтардың қазақстандық мөлшерлемеге сәйкес төлемдерінің сомасындағы айырмашылық төленгеннен кейін ғана мүмкін болады. Ал төлегісі келмегендерге мұндай автокөліктерді ЕЭО мемлекеттеріне бір жылға уақытша алып келуге рұқсат беріледі.(Мұны да жадымызда сақтаймыз.) Және соңында, Арменияда жасалған автокөліктер, шығарылған мерзіміне қарамастан, ЕЭО тауары ретінде танылады.

Жоғарыда аталған мәліметтерден мынадай қорытынды жасауға болады: Армениядан Қазақстанға автокөлікті еркін кіргізіп, мұнда есепке қою үшін, оның сол елде шығарылуы не 2014 жылға дейін кедендік тіркеуден өткізіліп, елге кіргізілген болуы тиіс.
Бұл ретте шеттен кіргізілетін көліктерге қатысты қазақстандық шектеулердің барын ұмытпаған жөн. Жекелеген жағдайларда, бастапқы есепке қойылатын көліктер Еуро-4 классына сай болуы тиіс, сондай-ақ күндізгі жарық шамдары, т.б. болуы керек. Арменияны қоса алғанда, ЕЭО елдерінен жеткізілетін мұндай темір тұлпарларды кедендік тірекеуден өткізу қажет болмайды, бірақ утилизациялық алым төлеуге тура келеді, нәтижесінде автокөліктің бағасы біршама артуы мүмкін.
Ал егер жеңілірек әрі арзандау жолы болса ше?
Кolesa.kz сайтына армяндық көліктерді сату туралы хабарландыру орналастырып жүрген сатушылар машақаты аз, бірақ бірқатар сұрақтар туындататын нұсқаларды ұсынады. Олардың сөзінше, жылдар мен Еуро-4-ке бас қатырмай-ақ, автокөлікті жәй ғана Ереванда сатып алуға болады. Ол үшін Арменияға аттану қажет (пойызбен бе, ұшақпен бе маңызды емес). Жергілікті көмектескіштер сатып алушыға уақытша тіркеу жасап береді, одан кейін сатып алу-сату келісімшартын жасап, ортақ негізде армяндық нөмірлерді алып, көлікті есепке қояды. Және осы мемлекеттік нөмірлермен Қазақстанға еркін сапар шегіп, атвомобильді жалыққанша жүргізуге болады. Әрине, қазақстандық сақтандыруды рәсімдегеннен кейін.
Бұл сізді қызықтыра ма? Біздің ойымызша, йә. Алайда, бұл жағдайда ҚР-на кіргізілетін автокөлік Арменияда 2014 жылға дейін кедендік тексерістен өткен болуы қажет екенін естен шығармаған жөн. Әйтпесе, біз осыған дейін айтқандай, тек бір жылға ғана кіргізуге болады. Бұл біріншіден. Ал екіншіден: жеті жылдан жоғарғы автокөліктерді техникалық байқаудан қайда өткізеді? Жыл сайын Арменияға бару керек пе? Әзірше полиция қызметкерлері бұл жағына онша қатты назар аударып жатқан жоқ, бірақ ертең шетелдік нөмірдегі көліктерді ұстап, техникалық байқаудан өткені туралы куәлікті тексермесіне кім кепіл? Себебі, заң бойынша ҚР жолдарында техникалық байқаудан өтпеген көліктерді жүргізуге тыйым салынған.
Және соңғысы, армян шенділері ерте ме, кеш пе елден белгісіз бағытта жоғалып кетіп жатқан, ал иелері салық төлемейтін көліктер жайлы қам жеп, бауырлас кедендік елдерде оларға іздеу жарияламасына жүз пайыз сенуге бола ма? Оның үстіне ЕЭО арасында полициялық деректер базасының бірігуі де таяп келеді емес пе.
Жалпы, қызықтыратын ұсыныс болғанымен, тым сенімсіз. Оның үстіне, Армениядан мұндай схемамен жеткізілген көлікті ҚР аумағында сата да алмайсың. Кейбір автокөлік иелері ұсынатын «сенімхат бойынша» сатып алу нұсқалары тіпті де заңсыз. Егер көліктен жалықсаңыз, сатып алушыны тауып, онымен бірге Арменияға барып, сол жақта уақытша тіркеуді қоса алғанда, басқа да тиісті шаралардың барлығынан өту қажет болады. Және дәл осы жерде армян билігі алдындағы сіздің бар қарызыңыз шыға келеді.
Ойланып қалдыңыз ба? Міне, бәрі осылай! Сапарыңыз сәтті болсын!

09 қыркүйек 2019 ж. 147 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30