» » БОКСШЫЛАРДЫҢ БАБЫН БАЙҚАЙМЫЗ

БОКСШЫЛАРДЫҢ БАБЫН БАЙҚАЙМЫЗ

   Қыркүйектің алғашқы жексенбісінде боксшыларымыз Ресейдегі әлем біріншлігіне аттанады. Бүгінде Елордада соңғы дайындығын пысықтап жүрген жерлестерімізбен аз-кем әңгімелесіп, әлем чемпионаты қарсаңында ойларын білген едік. Сонымен  бокстан Қазақстан командасының капитаны, Олимпиада, Әлем, Азия чемпионатының жүлдегері  Қамшыбек Қоңқабаевтың ойын ортаға салсақ
– Әлем біріншілігіне дайындық деңгейі жоғары. Жаттығу жиынының бірінші кезеңін тауда өткіздік. Тауда күш жинауға арналған жаттығуларға баса назар аударылды. АІВА базасында жалпы физикалық дайындыққа көңіл бөлдік. Бүгінде елордамызда жаттығу жиынының екінші кезеңі өтіп жатыр. Барлық спортшылар бабында. Көңіл-күйіміз де тамаша. Ресей шаршы алаңынан жақсы нәтижемен ораламыз деген ойдамыз. Менің мақсатым – жеңіс тұғырынан көріну, – дейді Қамшыбек. Бокстан әлем чемпионаты 8 қыркүйек күні Ресейдің Екатеринбург қаласында басталады.
11 қыркүйек 2019 ж. 73 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30