» » ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНІҢ МЕДАЛІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНІҢ МЕДАЛІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

   Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионының ұйымдастырушылары әлем біріншілігінің жүлдегерлеріне берілетін медальдың дизайнын көпшілікке жария етті.
Ұйымдастырушылар дөңгелек пішіндес қалыпты дизайннан бас тартып, медальдың үш бұрышты түрін таңдаған. Бұл форма күрестің үш түрінен Біріккен күрес әлемі (United World Wrestling) аясында өтетін әлем чемпионатының бірлігі мен тұрақтылығы іспеттес. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Ерлан Қожасбайдың айтуынша, медальдің бетінде біріншіліктің логотипі мен астанамыздың символы – "Бәйтерек" салынған. Ал логотипті толықтырып тұрған доғал сызықтар күрес әдісін сипаттайды. Медальдың екінші бетінде күрестен әлем чемпионатының символы – қар барысы бейнеленген.
Естеріңізге салайық, 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан астанасы Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионатын қабылдайды. Бұл дүбірлі додада Токио Олимпиадасына іріктеу басталады. "Барыс Аренада" өтетін жарыста Олимпиада лицензиясы үшін әлемнің 100 елінен 1002 балуан таласқа түседі. Байрақты бәсекеде жерлестеріміз Дәулет Ниязбеков пен Ғалымжан Өсербай ел намысын қорғайды.
09 қыркүйек 2019 ж. 49 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30