» » БАПКЕРДІҢ ТАҢДАУЫ ҚАНДАЙ?

БАПКЕРДІҢ ТАҢДАУЫ ҚАНДАЙ?

  14-22 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтетін әлем чемпионатында Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды.
Ұлттық командамыздың бас бапкері Бақтияр Байсейітов жылдың осы ең басты жарысында мына шәкірттеріне сенім артты:
55 кило – Қорлан Жақанша,
63 кило – Алмат Кебіспаев,
67 кило – Мейіржан Шермаханбет,
72 кило – Демеу Жадыраев,
77 кило – Асхат Ділмұхамедов,
87 кило – Азамат Құстыбаев,
97 кило ­– Ерұлан Ысқақов,
130 кило – Дамир Күзембаев.
Ал 60 және 82 кило салмақ дәрежелері бойынша кімдердің күресетіні әлі анықталған жоқ. Себебі әр салмақта қос үміткерден бар. Олар – Мейрамбек Айнағұлов пен Айдос Сұлтанғали (60 кило) және Мирас Баршылықов пен Мақсат Ережепов (82 кило). Алдағы жұма күні айтулы балуандар бір-бірімен күреседі. Сол тартыста жеңгені айтулы додада ел намысын қорғайды.
Бір айта кетерлігі, әлем чемпионаттарындағы өздерінің соңғы бас жүлдесіне Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері сонау 1999 жылы қол жеткізген. Содан бері 20 жыл өтті. Енді сол олқылықтың орны Нұр-Сұлтанда толығады деп үміттенеміз.
09 қыркүйек 2019 ж. 64 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30