» » Әйеліне тосын сый жасамақ болған азамат оған пышақ сұғып алған

Әйеліне тосын сый жасамақ болған азамат оған пышақ сұғып алған

   Англия тұрғыны Лора Мэй өзінің алты жыл отасқан жұбайынан жәбір көргенін айтты. Оның сөзінше, ер адам әйелге тосын сый жасаймын деп кенеттен ішіне пышақ сұққан деп хабарлайды life.ru.
Лора мен Шон алты жыл бірге болған. Олар ешқашан дауласып, бір-біріне қатты ренжіп көрмепті.
Жұбайлар Кореяда демалып келгеннен кейін дастархан жайып, романтикалық кеш өткізбек болған екен. Бір кезде Шон Лораға арнаған сыйлығының бар екенін айтқан.
"Ол көзімді жұмып тұруымды өтінді. Мен сығалап қарамау үшін көзімді орамалмен жауып қойды
. Ол 10-ға дейін санап, соңына жете алмай санақтан жаңылып жатты. "Сыйлығың күшік болса екен" деп қалжыңдадым", - дейді ару.
Сол уақытта Шон әйеліне пышақ сұғып жіберген. Соққының қатты болғаны сонша, тіпті, пышақтың сабы сынып кетіпті.
Ер адам жедел жәрдем шақырып, әйелінің өзін-өзі абайсызда жарақаттап алғанын айтқан.
Алайда дәрігерлер оған сенімсіздікпен қарап, полиция шақыртыпты. Қазіргі уақытта Шон қамауға алынды.
10 қыркүйек 2019 ж. 482 0

PDF нұсқалар мұрағаты

31-360

06 тамыз 2020 ж.

30-359

31 шілде 2020 ж.

29-358

23 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31