» » Әйгілі Мэрилин Монроның ессіз табынушысы оны мәйітханада суретке түсірген

Әйгілі Мэрилин Монроның ессіз табынушысы оны мәйітханада суретке түсірген

   Ерлер қауымын естен таңдырған танымал актриса Мэрилин Монроның мәйітханадағы суреттері пайда болды. Танымал актрисаны көз жұмғаннан кейін оның ессіз табынушыларының бірі фотоға түсірген болып шықты. Бұл туралы америкалық Fox News арнасында көрсетілген деректі фильмнен белгілі болды.
Монроның өмірден өткеніне жарты ғасырдай уақыт өтсе де, оның өміріне қатысты деректер қалың көпшілікке әлі де қызық.
Fox News ұсынған фильмде танымал актриасының аса белсенді табынушысы болған Ли Виннер есімді фотограф туралы айтылды. Анықталғандай, ол Мэрилин Монроны мәйітханада жатқан жерінен суретке түсіріп алған.
Ер адам өзі үшін үлгі болған кино жұлдызға ақтық сапарға аттанбас бұрын, соңғы фотосессия жасап беруді мақсат еткен.
Бұл ойын іске асыру жолында ол алдын ала жоспар құрғаны белгілі болды. Алдымен Винер мәйітхана күзетшілеріне аса бағалы ішімдік ұсынып, актрисаның денесі жатқан бөлмеге кіруге рұқсат алған.
Мэрилиннің өлі денесін суретке түсіру үшін Ли Виннер бес пленкалы кассетаны ала барған. Азамат олардың барлығын қолданып, әйгілі актрисаны қалаған тұсынан суретке түсірген.
Виннер түсірген суреттерінің жартысын америкалық басылымдарға сатып, қалғанын өзінде қалдырған.
Оның сөзінше, бес пленканың екеуі толығымен Монроның ашық денесінің суреттеріне толы болған. Бұл суреттерді фотограф өмірінің соңына дейін ешкімге көрсетпей кеткен. Суреттер тіпті, ер адамның өлімінен кейін де табылмаған.
10 қыркүйек 2019 ж. 193 0

PDF нұсқалар мұрағаты

47-324

21 қараша 2019 ж.

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930