» » "Қызын іздемейді": Маржан Арапбаева бірінші күйеуі туралы бар шындықты айтты

"Қызын іздемейді": Маржан Арапбаева бірінші күйеуі туралы бар шындықты айтты

  Маржан Арапбаева бірінші некесі жайлы жан сырын ақтарды. Айтуынша, әншінің бұрынғы күйеуі туған қызымен хабарласпай, оны іздеуді қойған деп жазады "Қарақатпен шай".
Шоу-бизнес жұлдызының үлкен қызы алғашқы некесінде туған.
Алайда, бүгінде ол туған әкесінен гөрі анасының екінші жолдасының махаббатын көбірек сезінуде.
Арапбаеваның сөзінше, бірінші күйеуі қызымен байланысын үзген.
"Үлкен қызымның әкесі бөлек. Ол кісі баласының өміріне мүлдем ешқандай көмек көрсетіп, атсалыспайды. Хабарласпайды, іздемейді, сұрамайды.
Жоқ, мен ондай бөгет жасап, алдына кедергі болған емеспін. Қызым, әрине көргісі келеді. Оған өзі хабарласып, іздеген күндер де болды.

Мүмкін "қыздың жүрегін ауыртпай-ақ қояйын, өзім де уайымдаймын ғой" деп арақашықтық сақтағысы келетін болар. Ол жағын мен кішкене түсінбедім" , - деп ағынан жарылды әнші.
11 қыркүйек 2019 ж. 248 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30