» » Тоқаев Қытайда тек қазақша мәлімдеме жасайды

Тоқаев Қытайда тек қазақша мәлімдеме жасайды

  Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Қытайда жүр. Мемлекет басшысы бірқатар кездесуге қатысып үлгерген. Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәлидің ақпарынша, бар жоспарланған кездесуде Тоқаев қазақ тілінде мәлімдеме жасайды.  
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына басталған мемлекеттік сапары аясындағы жоспарланған кездесулердің барлығында баяндамасын қазақ тілінде жасауда. Атап айтсақ, Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуында сөйлеген сөзін, сондай-ақ, ҚХР іскер топтарының өкілдерімен кездесуіндегі сөзін және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясындағы баяндамасын толығымен мемлекеттік тілде жасады», - деп жазды Уәли өзінің Facebook парақшасында.
11 қыркүйек 2019 ж. 82 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30