» » Тергеу соттарындағы жаңашылдық

Тергеу соттарындағы жаңашылдық

   Елімізде алғаш рет мамандандырылған тергеу соттарының құрылатындығы жайлы ҚР Президентінің 10.01.2018 жылғы Жарлығында көрсетілді. Бұл ең алдымен, айыптау мен қорғау арасындағы жарыспалылық теңгерімін қалыптастыру бағытында алға жасалған қадам болды. Міне осы Жарлық негізінде құрылған Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының жұмыс жасағанына да 1 жылдай уақыт болды.
Тергеу соты Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үшінші қабатында орналасқан, онда екі судья, 6 маман қызмет атқарады. Негізінен, тергеу соты - сотқа дейінгі істер бойынша іс жүргізу материалдарын қарайды, яғни қылмыстық қудалау органының сотқа дейінгі іс жүргізу барысында процестік әрекет жасауына рұқсат береді.
Тергеу судьясы- сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаннан бастап іс жүргізу барысында ҚР Қылмыстық процестік кодексінде көзделген өкілеттіліктерді жүзеге асырады, яғни олар: күзетпен ұстауды санкциялау; үйқамақты санкциялау; лауазымынан уақытша шеттетуді санкциялау; жақындауға тыйым салуды санкциялау; экстрадициялық қамақты санкциялау; жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді, жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу мерзімдерін ұзартуды санкциялау; күзетпен ұстау, үйқамақ, экстрадициялық қамақ мерзімдерін ұзарту; кепіл қолдануды санкциялау; мүлікке тыйым салуды санкциялау; күзетпен ұсталмайтын адамды сот-психиатриялық және (немесе) сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру; бұрын өзіне қатысты күзетпен ұстау қолданылған адамның психикалық ауру фактісі анықталған кезде, оны ауруларды қатаң оқшаулау жағдайында ұстауға лайықталған, психиатриялық көмек көрсететін арнаулы медициналық ұйымға ауыстыру; мәйітті эксгумациялау; күдіктіге, айыпталушыға халықаралық іздеу жариялау мәселелерін қарайды; қарап-тексеруді санкциялау; тінтуді санкциялау; алуды санкциялау; жеке тінтуді санкциялау; мәжбүрлеп куәландыруды санкциялау; үлгілерді мәжбүрлеп алуды санкциялау мәселелерін қарайды.
Сонымен қатар, тергеу сотында- анықтаушының, анықтау органының, тергеушінің және прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымдары да қаралады (ҚПК-нің 106 бабы), яғни сотқа дейінгі тергеп- тексеру барысында өз құқығыңыз бұзылғандығы жайлы білсеңіз, тергеу сотына жүгінуге құқылысыз.
Тергеу соты қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында тұлғаның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандығын қамтамасыз етуге бағытталған қызметтерді атқарады.
Ардақ Смағамбетова
Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің
Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы
29 тамыз 2019 ж. 172 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031