» » 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы мөлшері өседі

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы мөлшері өседі

   Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елімізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы мөлшері қаншаға өсетініне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда орташа зейнетақы көлемі 86 мың, максималды мөлшері 117 мың теңге.
«Елімізде зейнетақы төлеміне қатысты ешқандай мәселе жоқ. Ай сайын кесте бойынша беріліп жатыр. Бұл тұрақты жүйе. Зейнетақы мөлшері жыл сайын инфляция деңгейінен +2 пайызға артып келеді. Өткен жылы – 2018 жылдың ортасында базалық зейнетақы төлемі айтарлықтай өсті. Одан бөлек, әртүрлі деңгейдегі жәрдемақылар да бар. Мәселен, бүгінгі біз құттықтаған Александр Торкин қатарлы соғыс ардагерлерінің зейнетақысына қосымша берілетін 40 мың теңгелік жәрдемақы бар», - деді Біржан Нұрымбетов ардагер Александр Торкиннің үйіне барып, құттықтағаннан кейін тілшілерге берген сұхбатында.
Министрдің айтуына қарағанда, 2020 жылдың 1 қаңтарында да зейнетақы мөлшері міндетті түрде өседі.
«Зейнетақы төлемі инфляцияның орташа деңгейінен +2 пайызға өседі. Зейнетақының минималды мөлшері – қазіргі таңда 36 мың теңге, базалық зейнетақымен қосқанда - 54 мың теңге», - деді ол.
Еске сала кетсек, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қарттар күніне орай жасы жүзге келген елорда тұрғыны Александр Торкинді үйіне барып, құттықтап қайтқан болатын.
30 қыркүйек 2019 ж. 22 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031