» » "Қуанышымыз ұзаққа созылған жоқ": Ердос Қанаев тұңғышы жайлы шындықтың бетін ашты

"Қуанышымыз ұзаққа созылған жоқ": Ердос Қанаев тұңғышы жайлы шындықтың бетін ашты

  "Жігіттер" тобының әншісі Ердос Қанаев алғаш рет жұрттан жасырып келген құпиясын айтып берді. Өнер иесі сырын Астана телеарнасындағы "Той жыры" бағдарламасында ақтарды.
Өнер иесі жарымен бірге басқа түскен сынақты сабырлықпен көтере алғандарын жеткізді.

"Алғаш рет ата-ана болдық деп қуанып жүрдік. Бірақ үлкен баламыз сынақпен келді. Ауыр диагнозбен туып, екі айға дейін вакумде жатты. Жалпы қуанышымыз ұзаққа созылған жоқ. Бала өмірге келді деген кезде қатты қуандық та, артынан жаңағыдай жағдайды естігеннен кейін екеуімізге қатты соққы болды", - деді Ердос Қанаев.
Әртістің сөзінше, оның медициналық мекеме мен үйдің арасында жүргеніне 9 жыл болыпты.

"Қазір 9 жаста. Маған көп адам Instagram желісінде: "Үлкен балаңызды неге көрсетпейсіз? Төрт балам бар дейсіз, бірақ біреуі қайда?" деп жазады. Осы күнге дейін біреуге тіс жарып айтпаппын. Үлкен ұлымыз үлкен сынақпен келді. Алланың сынағы деп қабылдаймыз. Жалпы аурухана мен үйдің арасында жүргенімізге 9 жылдың жүзі болды", - деді Ердос.
Одан бөлек, өнер иесі төрт баласы бар екенін, отбасына көп көңіл бөлуге тырысатынын білдірді.
05 қазан 2019 ж. 262 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031