» » Жақында босанған Жұлдыз Өмірғали ауыр халде ауруханаға түсті

Жақында босанған Жұлдыз Өмірғали ауыр халде ауруханаға түсті

 Таяуда ғана сүйіктісі Айқын Төлепбергенге Айя есімді қыз сыйлаған Жұлдыз Өмірғали 40 күн ішінде үшінші мәрте ауруханаға түскен. KeshYou-дің бұрынғы әншісі көпшіліктен емханада жатқан қызы екеуі үшін дұға тілеуді сұраған.
Жұлдыздың кезекті мәрте ауруханада жатқанын оның тапқыр оқырмандары біліп қойған. Олар әншінің белсенділігі төмендеп кеткенін байқап, оның Stories-тегі видеолар ауруханада түсірілгенін біліп қойған.
Айқынның жары өзіне алаңдаушылық білдірген желі қолданушыларына бұл жолы емханаға не себепті түскенін айтып берген. Сонымен қатар шоу-бизнес жұлдызы жылы лебіз танытқан жұртышылыққа алғыс білдіріп, Айя екеуі үшін дұға тілеуін сұараған.
Жұлдыз Өмірғали басына түскен сынақ жөнінде Instagram парақшасында егжейлі-тегжейлі жеткізген.
"Маған бір оқырман қызым "Неге тағы ауруханадасыз? Ауруханадан сториз салғанымен, ешқандай пікір білдірмейсіз" деп жазыпты бір оқырман қыз. Айтайын. Бұл осы 40 күн ішіндегі Айя екеуміздің ауруханаға үшінші рет түскеніміз.Бірінші рет, біздің алғашқы кездесуіміз. Екінші мәрте менің дене қызуым көтеріліп, бізді жедел жәрдеммен алып кетті. Енді міне үшінші рет. Бұл жолы Айяның билирубині түспей жатыр. Санжарда да мұндай проблема болған. Үйдегі емнің барлығын жасап көрдім. Алайда, медицинаның көмегінінсіз дәрменсіз екенімді түсіндім. Әдетте, билирубин бір айдан кейін жазылу керек. Алайда, тек бізде емес.Қазір қан тапсырып жатырмыз. Санжарда 262 болған, Айяда 252 көрсетіп тұр. Санжармен сегізінші күні 114 деген көрсеткішпен шыққанбыз ауруханадан. Ал Айямен әлі жатырмыз. Ертен қан тапсырып, анализдің нәтижесін көреміз. Біз үшін дұға тілеп қойыңыздаршы, Мүмкін көмегі тиіп қалар" , - деп жазды Жұлдыз Өмірғали.
06 қазан 2019 ж. 2 242 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031