» » Қызылордада мал ұрлығын кәсіп еткендер қолға түсті

Қызылордада мал ұрлығын кәсіп еткендер қолға түсті

  Қызылорда қаласында мал ұрлады деп күдікке ілінген үш тұрғын қолға түсті. Олар қала төңірегінде мал ұрлығын кәсіпке айналдырған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет полиция бөлімі қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізген болатын. Нәтижесінде өздерінің заңсыз әрекетімен 6 тұрғынға зиян келтірген 3 күдікті қолға түсті. Олардың тұрғындарға келтірген залалы 3 млн 560 мың теңгені құрайды. «Барлық деректер бойынша Қызылорда қалалық полиция басқармасымен ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Ұсталған күдіктілер уақытша ұстау абақтысына оқшауландырылып, оларға қатысты соттың санкциясымен «қамаққа алу» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Сонымен қатар, тергеу органы олардың облыс аумағында орын алған осындай тектес қылмыстарға қатыстылығын тексеруде», - деп мәлім етті Қызылорда облысының полиция департаментінен.
03 қазан 2019 ж. 168 0

PDF нұсқалар мұрағаты

30-359

31 шілде 2020 ж.

29-358

23 шілде 2020 ж.

28-357

16 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31