» » Білім сапасы – басты көрсеткіш

Білім сапасы – басты көрсеткіш

   ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауында «қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасы алшақтап барады.
Негізгі мәселе – ауыл­дық жерлердегі білік­ті педагог кадр­лардың тапшылығы» деп атап көрсетілген еді. Ұстаз­дың атқаратын міндеті бір болғанымен, нәтижесі әртүрлі. Технологиялар жылдам да­мыған заманда білім сапасын қамтамасыз етудегі мұғалімнің рөлін ешнәрсемен ауыстыруға болмайды. Қазіргі таңда білім саласындағы мін­деттердің бірі педагог кадр­ларды даярлау және біліктілігін арттыру басым бағыттардың біріне ай­налды. Ұстаздардың біліктілігін арттыру арқы­лы қала мен ауыл мек­тептері арасындағы орта білім сапасын теңестіруге болады.
Осындай мақсаттарды орын­­дауда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қыз­меткерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйым­дас­тыруымен орта білім маз­мұнын жаңартуда тың жұ­мыстарды атқаруда. Биыл институтта білім беру мазмұнын жаңарту аясында өткізілген курстарға 3550 тыңдаушы қаты­сып, біліктілік шыңдады.
Жаңартылған бағдар­­лама­ның негізгі идеялары­ның бірі «Мәңгілік ел» аясында, ұлт­жанды, мәдени танымы қалып­тасқан әрбір азамат, бүгінгі заманауи оқыту технологиясы арқылы қазақ ұлтының тарихи құндылықтарын меңгеріп, ертеңгі ұрпақ­ты зияткерлікке бастайтын тұлға болып қалыптасуы тиіс.
Бұл мұғалімнің ізденім­паз-шығар­машыл тұлға, білікті ұйымдастырушы, өз маман­ды­ғының жетік білгірі болуына көмектеседі. Бағдар­ла­малар ұстаз бен оқушының белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағыт­тайды. Нәти­жесінде, оқушы өз бетімен сенімді жұмыс істейтін деңгейге жетуі тиіс.
Ақпараттық-ком­му­­ника­ция­лық техно­логия­лардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесінде уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер,  тех­нология­лар жаңартылып отырады. Қазіргі таңда мұға­лім мамандығын алған жас ұстаздардың жеткілікті дәре­жеде сандық сауаты бар. Олар жаңа технологияның мүм­кіндік­терін пайдаланатын, сандық технологияға жа­қын ұрпақ өкіліне жатады. Осындай мамандардың біліктілігін арттыруда Робототехника, Аралас оқыту (Blended learning) курстары да жүргізілуде.
Облыс ұстаздарының озат тәжірибесін насихаттау мақ­сатында наурыз-қазан айларында ұстаздар арасында бейне-сабақтардың «Педагогикалық идеялар панорамасы» республи­калық бай­қауын жариялады. 15 қазанда байқаудың облыстық кезеңі қорытындыланады.
Бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педаго­гикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтардың АКТ құзырет­тіліктерін арттыру мақсатында ұйым­дас­тырылған байқауға 115 өтінім келіп түсті. Инс­титуттың сараптау комис­сиясы материалдар­ды саралап, үздіктерін анықтайды.
Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, қосымша білім берудегі заманауи технологиялар ба­ғыт­­тары бойынша облыс педагогтарының  жұмысын сараптау нәти­жесінде 21 номинация бойынша 63 жеңімпаз анықталып, бейне-са­бақ­тары респуб­ликалық кезеңге жолданады. Респуб­ликалық кезең желтоқсан айында Алматы қаласында өтеді.
Қазіргі кезеңде мұғалім­дерге шектеусіз құзырет­тілік­тер берілген. Шығар­ма­шы­­лықпен жұмыс жасауға мол мүмкіндіктер бар. Сол мүм­­кіндіктерді пайдаланып, еліміздің келешегі үшін еңбек етіп, жан-жақты да­мыған, бәсе­кеге қабілетті ұрпақ тәр­биелеу – жаңашыл мұ­ғалімнің басты міндеті болып қала бермек.
Сәкен СЕРІКБАЕВ
03 қазан 2019 ж. 10 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031