» » Қарттарға құрмет – өскелең ұрпаққа үлгі

Қарттарға құрмет – өскелең ұрпаққа үлгі

  Халықаралық қарттар күніне орай облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов ҰОС ардагерлері және тыл еңбеккерлерімен кездесті.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1990 жылы 1 қазанды – Халықаралық қарттар күні деп жариялағаны белгілі. Содан бері бұл мерекені  бүкіл әлем атап өтіп келеді.
Бар ғұмырын қажырлы ең­бек етуге арнаған қарттарға құр­мет көр­сету жиынында аймақ басшы­сы ардагерлерге алғысын біл­дірді.
– Біз «қариясы бар үйдің қа­зы­насы бар» деп, үлкенін қа­дір тұтып, алдынан кесе өтпе­ген халықтың ұрпағымыз. Ға­сыр­лар қойнауынан жеткен ұла­­ғатты істі бізге жеткізіп, ер­теңге ұластыра білген қазы­налы қарттарымызды біз ардақ­тамасақ, кім ардақтайды? Бұл біздің халықта қалыптасқан заң­дылық десе болады, – деді облыс әкімі.
Бүгінде облыста 74 мыңға жуық зейнет жасындағы қария­лар бар. Қарттарға қамқор болу, ар­дагерлердің әлеуметтік мәсе­ле­­лерін шешу қашанда бас­ты назарда.
Айта кетейік,  өткен жылдың 1 шілдесінен бастап 69 мыңнан астам зейнетақы алушының база­­­лық зейнетақы төлемдері тіке­­лей еңбек өтіліне байланыс­ты та­ғайындалды. Өңірде егде жастағы аза­маттардың өмір сапасын арттырудың 2018-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданған.
– Қазіргі таңда Қызылорда қала­сындағы 150 орындық арда­гер­лерге арналған оңалту орта­лығында, облыстық қарттар үйінің жанындағы 100 және қалалық ардагерлер үйінің жанындағы 50, Шиелі ауданындағы 50 орындық күндізгі стационар түріндегі оңалту бөлімдерінде 3 мыңға жуық адам қызмет алады. Облыс­та бірнеше жылдан бері «Сыр мейірімі» жобасы жүзеге асып келеді. Бұл жобаға облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, көмек­ке мұқтаж  жалғызбасты қарттар мен мүгедектер, тұрмысы төмен отбасылар түскі аспен қамтылды, – деді облыс басшысы.
Сондай-ақ, жыл сайын ардагерлердің өзге аймаққа сапарлап, тарихи орындарға саяхаттауы үшін жағдай жасалған. Айталық, жылда бюджет қаражаты есебінен ардагерлер Нұр-Сұлтан қаласына саяхаттайды. Ал, биыл Өзбекстандағы Қазақстан жылына орай Өзбекстан Республикасына және Маңғыстау облысына сапарлады.
Жиында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, «Құрмет» орденінің иегері, Социалистік Еңбек Ері, Батыр ана Сәлима Жұмабекова қария­ларға қашанда қолдау көрсетіп жүрген бүгінгі буынға ақ тілегін арнап, алғысын жеткізді. 
05 қазан 2019 ж. 49 0

PDF нұсқалар мұрағаты

49-326

05 желтоқсан 2019 ж.

48-325

28 қараша 2019 ж.

47-324

21 қараша 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031