» » Әке болу оңай, әке болып қалу қиын

Әке болу оңай, әке болып қалу қиын

 
– Мен не үшін алимент төлеуім керек, – дейді бір танысым.
– Сен әкесі емессің бе, – дедім таң қалысымды жасырмай.
– Иә, дегенмен ол қайтара тұрмысқа шықты, қызымен бірге қабылдаған адам асырасын. Жауапкершілігін өз мойнына алсын, – дейді әңгіме үстінде.  Бүгінгі жас буынның пікірі, ой-өрісі осыған ғана жетіп тұр екен.
  Достарыммен бас қосуға бармағалы көп уақыттың жүзі болыпты. Бет-жүздерін көріп, жаңалықтарын білейін деп, отырыстарына арнайы бардым. Сөйтсем бір құрбым:  "Жақында", – деп бастады әңгімесін. – Бір жігітпен таныстым, екі баласына алимент төлейді, енді мен үшін ол жігіт керек пе, керек емес пе дееп ойланып жүрмін. Сеніңше қалай, табысының тең жартысы алимент төлеуге кететін шығар-ә?", – дейді маған сұраулы жүзбен. Егер тұрмысқа шықпай тұрып табысын есептеп, оның қайда кететінін де бағамдап отырса, бақытты отбасы шығады деу әбестік енді. Оның үстіне алимент төлеуіне қарсы болса, кейін балаларымен кездесуге, емін-еркін үйіне әкелуге тыйым салдырады ғой. Сонда ол балалар әкелік махаббатты сезініп өспей ме? Тағы да ата-ананың жасаған қателігіне баланы кінәлаймыз?
   "Балаңызға алимент төлеңіз" деген билборд қаланың әр бұрышында ілулі тұр. Тіпті "әке жауапкершіліктен қашпаңыз" дейтіні тағы бар. Соны оқып тұрып, "мен не істеп жүрмін" деген ой келмейді ғой...
Жас жігіт қолында тәспісі бар бір қарттан сұраған екен: – Уа, ата! Сіздер қалай ғана техникасыз, компьютер мен интернетсіз өмір сүрдіңіздер екен? Сонда ақсақал: – Рас балам, рас! Біздің заманымызда жаңа сен айтқанның бірі де болмады. Оның несі бар екен? Сендер бүгінгі күні намазсыз, құлшылықсыз, діни тәрбиесіз және әдепсіз өмір сүргендей біз де кезінде технология мен техникасыз, компьютер мен интернетсіз өмір сүрдік қой, – депті. Бұл әңгіменің бұл жерге керегі не дейсіз бе? Айтайын, отбасыға арнауға тиіс уақытыңыздың көп бөлігі смартфонға жұмсалып жатыр. Қазір сіз үйіңізде не болып жатқанынан бейхабарсыз. Дегенмен қоғамда не болып жатыр, көршіңіз қандай көлік алды, қайда саяхаттады соның бәрін біліп отырасыз. Құдды бұл жаңалық сіздің отбасыңыздан да алимент төлеуге тиіс балаңыздан да маңызды секілді. 
Қазақстанда алимент өндіру жүйесіне реформа күшейтілуі тиіс. Өйткені алимент төлегісі келмегендер жауапкершіліктен қашудың сан-алуан тәсілдерін табуға машықтанып алғаны сонша, оларды мәжбүрлеп төлетудің өзі қиын. Тіпті жауапкершіліктен жұрдай әкелер мен шешелер елден шыға алмай, көлік жүргізу құқығынан айырылса да, сонда да балаларын асыраудан бас тартып келеді. Алайда ендігі жерде үкімет ата-ананы алимент төлеуге жауапкершілікпен қарауға мәжбүрлейтін тәсіл ойлап тапқан жөн. Алимент төлемей жүргендерді түрмеге қамаса, өзгесіне сабақ болары ақиқат. Сол кезде тұрмысы төмен, жалғыз басты аналардың жағдайы біршама өзгеріп, "бүгін қандай тамақ ішемін" деген уайымнан арылар еді...
М.КЕНЖЕҒҰЛОВА
08 қазан 2019 ж. 80 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031