» » ҰБТ-ны телефонмен тапсыру әдеті әшкереленді

ҰБТ-ны телефонмен тапсыру әдеті әшкереленді

   
Журналист Ұларбек Нұрғалымұлы facebook парақшасында ҰБТ-ға телефон алып кіретінін «ерлік» санайтын талапкерлер мен олардың ата-анасын, сондай-ақ, оқытушыларды сынады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Емтиханнан құлап қалған баланы «телефонын алып ап, көшіре алмай қалыпты» деп ата-ана да, мұғалім де қысылмай, ашық айта беретін болыпты. Баласы да «екі телефон алып кірдім, екеуін де алып қойды, енді маған не қыл дейсіңдер?» деп өзі міндетін ада қылғандай мінді емтихан қабылдаушыға аударып қойып, қарап отыра береді екен.
Сонда қалай? Бұл нәрсе ұятқа саналудан қалған ба? ҰБТ-да өзінің қалай көшіріп, оқуға түсіп кеткенін еш қысылмастан (қысылғаның не, ерлік санап) университтегі мұғалімге айтып отыра беретін студенттер пайда болыпты.
Ұрлық ұятқа саналмаса мақтаныш болады екен-ау. Қазақ өзі қандай елге айналып барамыз? «Қыз басымен ол ұялмады, қатын басыммен мен ұялдым» дегендей дүниелер көөөп болып тұр. Неге?» - деп ашынады автор.
Осы мәселеге қатысты пікір білдірген көпшілік те оның ренішін құптап отыр. «Е, адамдар ұялмайтын болып кетті ғой», «Көбісі телефон арқылы жоғары балл алып жүр. Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпыз», «Өмірдің, қазақтың трагикомедиясы», «Рас, осындай халдеміз» деп жарыса жазысқан олар.
Осы орайда, желі қолданушы Есет Қалманов: «Дұрыс. Жасыратын ештеңе қалған жоқ. Мойындау керек қой. «Қызым өте жақсы дайындалған болатын, тексеру қатал болыпты. Телефон алып кіре алмапты» дегенді де естідік», - десе, журналист Мөлдір Нұрман: «Министр айтты ғой, өзінің баласының интернетті жақсы пайдаланып оқи беретінін. Кеңес өкіметінің кезінде оқыған біз білімді емес екенбіз. Гуглға қарап сабақтың жауабын табатын қазіргі ұрпақ білімді екен. Ендеше, ҰБТ-ға да бәрін телефонмен кіргізсін!» - деп отыр.
Сондай-ақ, «Көзіміз үйреніп кетті. Бір баланың жоғары балл алуы үшін бір команда жасақтаған кісіні де көрдім. Ол ол ма, ішінде молдекеңдер де жүгіріп, танауынан қан кетті» деп жазды Көгедай Шәмерханұлы. Ал бұл жайттан тоқетер түйін жасаған Бақытбек Бәмішұлының сөзінше, «бастан-аяқ еңбексіз, тоқ өмір сүру жолына түскен қоғам құлайды».


09 қазан 2019 ж. 105 0

PDF нұсқалар мұрағаты

49-326

05 желтоқсан 2019 ж.

48-325

28 қараша 2019 ж.

47-324

21 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

07 желтоқсан 2019 ж.
Байқаңыз – улы газ!

Байқаңыз – улы газ!

20 қараша 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031