» » "Зәулім сарай": Әнші Шахизада жаңа үйін көрсетті (фото, видео)

"Зәулім сарай": Әнші Шахизада жаңа үйін көрсетті (фото, видео)

 
   Отандық танымал әнші Шахизада Байбатжанова жаңа үйге көшті. Баспаналы болған өнер иесін алғашқылардың бірі болып Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова құттықтап келген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айдарбекова өзінің Instagram парақшасында Шахизаданың үйіне шашу шашып келген сәтін жариялап, оқырмандарына зәулім сарайды көрсетті. Бейнежазбадан әншінің үйіндегі жөндеу жұмыстары әлі аяқталмағанын көруге болады.
Анықталғандай, шоу-бизнес жұлдызы үш қабатты үй соқтырған. Оған қоса, жаңа үйіне Шахизада су жаңа көлігімен көшіп келген.
"Шахизада құдашамның қуанышына ортақтасып, шашуымызбен кіріп шықтық. Еңбекқорлығында шек жоқ. Таза ауа, керемет көрініс. 3 қабатты шаңырағың құтқа толсын! Көлігің тоза берсін, өмірің оза берсін" , - деп жазды Қайрат Нұртастың анасы.
Желідегілер де Айдарбековамен қосылып, әншіні баспаналы болуымен құттықтап жатты.
18 қазан 2019 ж. 810 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930