» » Жеңімпаз жасты күтіп алды

Жеңімпаз жасты күтіп алды

         Қазалылықтар «Нұр-Сұлтан – Қызылорда» пойызынан Еуропа төрінде, Нидерланды елінде бокстан әйелдер арасындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанған Дәметкен Келімбетті күтіп алды.        Ғасырдан астам тарихы бар теміржол вокзалында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлыбек Есбосынов, №17 Қазалы олимпиадалық резервтың мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры Қуанған Бәкен, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әліби Әбиев және боксшының ата-аналары мен бауырлары Дәметкенді жеңісімен құттықтап, гүл шоқтарын тарту етті.
      Өз кезегінде жастар арасында бірнеше халықаралық турнирдің жеңімпазы, бокстан ел чемпионатының қола жүлдегері, төрт жылда бір рет өтетін Қазақстан Республикасының жазғы Спартакиадасының қола жүлдегері Дәметкен Келімбет жарыстан алған әсерімен бөлісіп, бұл жеңісті туған жері – қасиетті Қазалы ауданына арнайтынын жеткізді.
Айта кетейік, жақында ғана Дәметкен Келімбет Нидерландының Эйндховен қаласында өткен «EINDHOVEN BOX CUP 2019» халықаралық турнирінің чемпионы атанған болатын.
26 қазан 2019 ж. 58 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

44-321

31 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930