Асыл мұра


     
Тұңғыш Президент – Н.Назарбаевтың «Болашаққа  бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы негізінде жастар мен жасөспірімдерге ұлттық құндылықтар мен мәдениетті насихаттау, ұлттық код ұғымын  сіңіру мақсатында «Жас ұлан» ұйымы облыстық  «Асыл мұра» этнофестивалін  ұйымдастырды. Фестивальге 150-ден аса жас қатысты.
   Шара облыстық өлкетану мұражайы экспозициясы таныстырылымымен басталды. Сондай-ақ «Ұлттық жәрмеңке»  тақырыбында  қатысушылар бабадан жеткен қолөнер туындыларын, Ұлы даланың сан қырлы тарихынан сыр шертетін аса мол археологиялық ескерткіштерді насихаттады. «Ұлы дала өнері» тақырыбында қолөнер шеберлері көрпе, түскиіз, сырмақ, кесте, саз, тас, ағаш, мата, жүн, теріден жасалынған бұйымдар, зергерлік бұйымдарды, ағаш ыдыс-аяқ, астауларды көпшілік назарына ұсынды.
   Фестиваль  «Ұлттықойын – ұлт қазынасы» атты ұлттықспорт  сайыспен жалғасты.   Оқушылар асық ату мен бес тас ойынында бақ сынады.
   Қазақстан «Қолөнер шеберлері» одағының облыс бойынша өкілі «Қарлығаш» шеберлер орталығының төрайымы Қ.Ильясова,  Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі «Экскурсиялық- көпшілік» бөлімінің меңгерушісі Э.Сағитжанова, облыстық асық ату мен бес тас ойыны бойынша бас жаттықтырушысы А.Көбелов бақ сынаушылардың жұмысына бағасын берді. Нәтижесінде
Арал мен Қазалы ауданы алдыңғы қатардан көрініп, 70 000 мың теңгеден қаржылай сыйлық иеленді. Ал Шиелі, Қармақшы ауданы  ІІ орын иеленіп, қатысушылар 50 000 теңге қаржылай сыйлық алды. Ал ІІІ орынды қанағат тұтқан Жаңақорған ауданы мен №9 Білім-инновация  лицейі  30 000 теңгеден қаржылай сыйлыққа лайықты деп танылды.
Қызылорда облыстық "Жас Ұлан" ұйымы
31 қазан 2019 ж. 121 0

PDF нұсқалар мұрағаты

47-324

21 қараша 2019 ж.

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930