» » Абай ‒ Гималай

Абай ‒ Гималай

  «Қазағым, қалың елім қайран жұртым» деп даналықпен ғұмыр кешіп, жыр мұрасын елге арнаған ұлы Абайдың 175 жылдығы республика бойынша кеңінен тойлануда. Кезінде мұзбалақ  ақын Мұқағали мектеп қабырғасында жүргенде мұғалім барлық сыныпқа Абай жайлы шығарма жазуды тапсырыпты. Сонда Мұқағали дәптеріне "Абай  ‒ Гималай" деген екі сөзді жазып, дәптерін ұстазына ұсынған көрінеді. Мұғалім оның тапқырлығына таңданып, кемеңгердің тұтас болмысын бір сөзбен сипаттауына риза болған екен. Біз хакім Абайды Мұқағалидан артық бағалай алмаймыз, бірақ Абайды ұлықтау шарасын жоғары деңгейде өткізуге бар күшімізді саларымыз анық. Осы орайда №138 Абай атындағы орта мектепте бастауыш сыныптар арасында «Абай ‒ дара, Абай ‒ дана қазақта» тақырыбында кең көлемде іс-шара өтті. Әсіресе  бастауыш сыныптың оқу-тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары Нұржан Әсімханұлының жетекшілігімен, бастауыш сынып мұғалімі Райса Әбдреева, Балжан Әбілдаева ұйымдастырған «Өлең ‒ сөздің патшасы» атты мәнерлеп оқу сайысының оқушылар үшін тәрбиелік мәні жоғары болды. Алдағы уақытта ақын есімін иеленген оқу ордасында мағынасы терең, берері мол тағылымды шаралар жалғасын табатын болады.
Ержан СЕРІКБАЕВ,
№138 Абай атындағы орта мектептің директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары
01 қараша 2019 ж. 190 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

44-321

31 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930