» » Тәлімгер, әдеби клуб, демалыс бөлмесі және басқалары

Тәлімгер, әдеби клуб, демалыс бөлмесі және басқалары

  "Жастар жылы не бітірдіңдер?" Nur Otan партиясының ғимаратында өткен қоғамдық қабылдауға келген қала тұрғыны Нұргүл Махан облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақовқа сұрақты осылай төтесінен қойды. Қала тұрғыны жастар жылы аясында ұйымдастырылған іс-шараларға көңілі толмайтынын және өзінің ұлы Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың төртінші курс студенті А.Жылқаев туралы айтты. Айтуынша баласы қатысқан бірнеше шарада орын ала алмаған. «Қандай конкурс болса да жастар жылында жастарға мүмкіндік берілу керек қой» дейді Н.Махан. Басқарма басшысы бұл кісімен таныс екенін, бұған дейін де баласының мәселесі бойынша қолынан келгенше көмек бергенін айтты. «Ұлыңыз бізге өзі келсін. Үнемі сізді жібереді. Өзі келіп ұйымдастырылып жатқан шараларға белсенді қатысып отырса, біз оған әркез қолдау білдіруге дайынбыз» деді Қуаныш Жанұзақов. Жиынға қатысқан «Жастар ресурстық орталығының» директоры Бауыржан Мәстеков тұрғынды бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
Қабылдауға екінші болып Аян Тұрғанбек есімді студент келді. Аян тәлімгерлер мектебін құруды ұсынды. «Зерендіге жастар лагерьіне бардым. Сондағы тәлімгерлер басқа аймақтан келген. Бізде тәлімгерлерді дайындасақ, республикалық шараларға қатысар еді» деген ойын айтты. Сала басшысы Аянның ұсынысына қолдау білдіріп, жастар ресурстық орталығының жанынан жоба бойынша жұмыс жасауға болатынын жеткізді.
Қабылдауға келген Раушанбек Шарапат Қызылорда жоғары медицина колледжінің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы екен. Белсенді жас, «Жастар әдебиеттен алыстап барады. Оларды әдебит әлеміне шақырып еркін кітап оқуына жағдай жасау үшін әдеби клуб құруды ұсынамын. Мұнан бөлек оқу орындарында студенттерге арналған демалыс бөлмесі (relax room) жоқ. Сабақ арасындағы үзілісте дәлізде кезіп жүрмей демалыс бөлмесіне барсақ. Онда Дұлттық музыкалық аспаптар, шахмат, дойбы қойылса» деген ұсынысын жеткізді. Қуаныш Қуантханұлы өз кезегінде Раушанбектің ұсынысына қолдау білдірді. «Басқа қалалардағы үлгі бойынша, өз аймағымыздың болмысына сай демалыс бөлмесін ашу үшін оқу орындарымен бірлесіп жұмыс істейміз. Ал әдеби клубты жастар ресурстық орталығынынан құрайық. Соған өзің жетекшілік ет» деді сала басшысы.
Қабылдауға келген Қасиет Талғатқызы «Жастар жылына орай алда қандай шаралар өтеді? Оған  біздер қатыса аламыз ба?» деген сауал қойды.
 Ал Инабат Нұрханқызы еріктілерге арналған іс-шаралар қашан өтетінін сұрады. Басқарма басшысы Қ.Жанұзақов алда өтетін іс-шараларға тоқталып, еріктілерге толық қолдау білдіруге мүмкіндік барын айтты. Ағылшын тілін білетін жастарды шет елге оқуға жіберуге болатынын жеткізді.
Жалпы қабылдауға 6 азамат келді. Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақовтың қоғамдық қабылдауы одан әрі қалаға қарасты ауылда жалғасты.
Гүлбану МАҚАЖАН
01 қараша 2019 ж. 234 0

PDF нұсқалар мұрағаты

47-324

21 қараша 2019 ж.

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930