» » ДАНИЯР ЕСИН ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ДАНИЯР ЕСИН ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ


  ҚР Премьер-министрінің орынбасары Б.Сапарбаев басқарған үкіметтік жұмыс тобының мүшесі ҚР Ақпараттық және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин сыр жастарымен кездесті.
     Вице-министр жұмыс сапары барысында әлеуметтік тапсырыс арқылы облыста бірінші рет жүзеге асырылған жастардың "Kyzylorda business hub" стартап жобасына қатысушылардың бизнес жоба жасау сәтіне куә болды. Жастардың идеясын бизнеске айналдыру арқылы табыс табуға, инвесторлармен сауатты қарым-қатынас орнатуға бағытталған жоба жасты сенімділікке, жауапкершілікке үйретеді. Д.Есин жастар стартаптары бағытымен танысып, өзі тарапынан ұсынысын білдірді. Ал Boeing 757 базасында жаңа ұшақтың техникалық және дизайнерлік келбеті жасаған Евгений Демиденко өз жобасымен таныстырды. Евгений вице-министрге YouTube бейнехостингіне ұқсайтын мүмкіндігі YouTubтен жоғары қазақстандық нұсқаның жобасын іске қосатынын жеткізді. Сондай-ақ вице-министр облыстық жастар ресурстық орталығының жұмысымен танысты. Ол аймақта жастарға арналған шараларға оң баға берді.
Вице-министрдің келесі бағыты "Рухани жаңғыру" орталығында жалғасып,  Жалағаш ауданында қортындылады. Осылайша аудандағы қайта ұйымдастырылған жастар орталығымен танысып, ұсыныс-пікірін тыңдады. "Жастар орталығын қайта жаңғырту арқылы аудан жастарының бас қосатын орынның жаңғыртылғаны қуантарлық іс.  Жастар жылының Жол картасы аясында республикалық жастарға білім беру «Зерен-2019» жазғы лагері ұйымдастырылды. Байқағаным лагерьге қатысушы Жалағаш ауданының жастары 3,5 млн теңге сертификат иесі атанған", – деді ол өз сөзінде.
Айта кетейік, аудан әкімдігі Жастар жылына орай бюджеттен 5 млн теңге бөліп, жастарға арналған орталықты заманауи жаңғыртып берген.
02 қараша 2019 ж. 48 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

44-321

31 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930