» » ОЛЖАС АХМЕТОВ НЕ БІТІРДІ?

ОЛЖАС АХМЕТОВ НЕ БІТІРДІ?

     Қазалы аудандық Жастар ресурстық орталығын осы уақытқа дейін бес жыл бойы Олжас Ахметов басқарды. Білімді де талапшыл жас жастардың жалынды көшбасшысы бола білді.
       БЕС ЖЫЛДА ОЛЖАС НЕ БІТІРДІ?
Шолып көрейік. Қазалы ауданында жастар саясатын жүзеге асыру жұмыстары жүйеленді. Олжас аудан жастарымен бірге қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысып, жастарға әлеуметтік қолдау көрсету бағытында да бірнеше жобалар іске асырды. Жастар  бастамаларына әкімдік қолдау білдіріп бірнеше ұсыныстар қолдау тапты. Жаңа форматтада «25 жас - 25 игі бастама» жобасы, «Жайдарман Live», «Қазыналы Қазалы пікір сайыс орталығы», «Бизнес Инкубатор» сияқты т.б. жобалары зор нәтижесін берді.      Қазалы ауданы жастарының рухани күш-жігерін арттыруға ықпал жасай отырып сөз бостандығы мен ой бостандығын қалыптастыруға атсалысты.
- «Жастар Парламенті» құрылды. Білім беру орындары, денсаулық саласының мамандары, ауылдық округ жастары, жас спортшы мен ерікті жастардың арасынан құралған жоба. 
NEET санатына жататын жастарды уақытша жұмыспен қамту мақсатында, ай сайын «Жас Кеңесші» жобасы аясында халық көп шоғырланатын орындарда, ауылдық округтерде сала мамандардың қатысуымен жастардың ақпараттық насихат тобы жұмыс істеген.
Жастарға шапағаты мол «Дипломмен ауылға», «Қолжетімді баспана-2020», «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» мемлекеттік бағдарламалары және техникалық және кәсіптік білім беру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізген.
Бұдан бөлек, «Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021 жылға дейінгі Жол картасын» жүзеге асыру бағытында да көптеген жұмыстар атқарыпты.
Бес жылда Олжас басқаратын орталықтың ұйымдастыруымен 1500-ге жуық шаралар атқарылып, 40 000-ға жуық жас қамтылған. . Бес жылдан бері Қазалв ауданында жас кәсіпкерлік субъектісі 4088-ге жуық тіркелген. Бұлардың арасында орталық жол көрсеткен жастар да бар.
«Жасыл ел» еңбек жасағы бағдарламасы бойынша  және «Жас құрылысшы» бойынша  жастар жұмыспен қамтылды.










Аудандағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мен алдын алуға, жастарға кәсіптік бағдар беру, еңбек жасақтарының қызметін дамыту, әр түрлі санаттағы жастар арасында түрлі бағыттағы оқу курстарын, семинар-тренинг және өмірге қажет дағдылар бойынша біліктіліктері мен білімдерін арттыру бағытында да жұмыстар жасаған. Сонымен қатар, аудан мерейін асқақтатып, шығармашылық және спорттағы жетістіктерімен танылған жастарға  қолдау білдіріп отырған.
Өңіріміздегі барлық ерікті жастар арасында өзара достық қарым - қатынасты нығайта отырып қоғамға пайдалы нақты міндетті шешуге бағытталған жоба – «Достар алаңы еріктілер» клубы әлі де жұмыс жасап тұр. Еріктілер клубында 50 белсенді бар. Жеке тұлғаларға, әлеуметтік тұлғаларға көмек көрсету, жалпы аудан бойынша жеке қызмет көрсету салаларында арнайы ерікті жастарға дайындалған жеке куәліктер әзірленіп тапсырылған. Жоба аясында бүгінге дейін түрлі бағыттағы іс – шаралар өткізіліп келді. Сонымен қатар, белсенді жастарға еріктілердің жеке еңбек кітапшасы табысталды.
    "Жұмыстан шығарда қызметтік өсуді ойлаған жоқпын. Бастысы абыройлы еңбек етіп, абыройлы кету. Алда әлі талай жемісті еңбек етіп, биіктерді бағындырамыз", - дейді кейіпкеріміз. Олжас қазір жұмыссыз. Әйтседе ауданда жастар саясатын жүзеге асыруда қосқан үлесі елеусіз қалмайтынына сенеді. Біз замандасымызға сәттілік тілейміз!
Гүлбану МАҚАЖАН

02 қараша 2019 ж. 499 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

44-321

31 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930