» » Қызылордалық жігіт талантымен таңқалдырды (видео)

Қызылордалық жігіт талантымен таңқалдырды (видео)

Қызылордалық суретші Дәулетбек Тойшыбаев «Central Asia’s Got Talent» телевизиялық жобасында көрерменді талантымен таң қалдырды.Сахнада  әділ қазының бірінің портретін айнытпай ерекше тәсілмен салып берді. Келесі кезеңде ол қандай өнер көрсетеді екен?
Таланттар шоуына жасы, қызметі, біліміне қарамастан Орталық Азияның (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан) өнерлі жандар қатысуда. Байқаудың жеңімпазы көрермендердің ықыласына бөленіп, қомақты қаржылай сыйлыққа ие болады. Жоба 5 кезеңнен тұрады. Іріктеу, ашық тыңдалым, ширек финал, жартылай финал және ақтық финал. Бірінші кезеңде жобаға қатысушылардың өтініштері қабылданып, әрі қарай төрт елде іріктеу кезеңі өткізіледі. Жобаның бас жеңімпазынан бөлек, төрт елден жеңімпаз анықталып, ақшалай сыйлыққа ие болады. Central Asia’s Got Talent шоуы төрт елде «Хабар», «Zoʻr TV», «Қоғамдық бірінші арна» және «ТВ Сафина» телеарналарынан көрсетіледі. 
Ендеше жерлесіміз Дәулетбекке қолдау білдірейік! Ақмешіттің азаматы Central Asia’s Got Talent байқауында топ жарады. Біз Дәулетбекке сенеміз. Сәттілік!
Гүлбану МАҚАЖАН
03 қараша 2019 ж. 1 641 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031