» » Димашты басып озған кім? (ВИДЕО)

Димашты басып озған кім? (ВИДЕО)

  Грегори Лемаршаль жарықтық 24 жасында муковисцидоз деген аты жаман аурудан ақыры ажал құшыпты. Жатқан жері жарық болсын француз баланың. Бірақ жас та болса бас болған нағыз ер екен. Ауруымен айқасып жүріп әншілік талантын ақыры жарыққа шығарып үлгерген. 1998 жылы Франциядағы футбол чемпионатында әкесімен финал ойынға бәстесіп, жеңіліп қалып кафеде амалының жоқтығынан ән салмағанда бәлкім таланты әлемге танылмас та ма еді кім білсін? Оның ғажайып даусына тәнті болған мамандар кәсіби әншілікке қояр да қоймай сүйрей жөнеліпті.

Өкінішке орай 2007 жылдың ақпан айынан бастап әншінің денсаулығы күрт нашарлайды. Екі өкпесі жарамай істен шығады. Қырсыққанда ауыстыра қоятын донор өкпе де табылмайды. Ауруды қайтсем де жеңемін деп соңына дейін қайраттанып күреседі. Амал нешік - емі жоқ жаман мерез ақыры алып тынады. Оны жерлеуге өнерге бас иген Францияның бүкіл игі жақсысы қатысады.


04 қараша 2019 ж. 285 0

PDF нұсқалар мұрағаты

26-355

02 шілде 2020 ж.

25-354

25 маусым 2020 ж.

24-353

18 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031